Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ-тың қытайлық тауарларға кедендік салықты 104%-ға дейін көтеруі мүмкін деген мәлімдемесіне алаңдаушылық білдірді. Министрлік бұл әрекетті «біржақты қысым жасау» деп бағалап, Қытай өз мүддесін қорғау үшін жауап шараларын қабылдайтынын мәлімдеді.
Ресми өкілдің айтуынша, «АҚШ бір қателіктен кейін екінші қателікке бой алдырып отыр. Егер Вашингтон өз дегенінен қайтпаса, Қытай соңына дейін күреседі».
Бейжің АҚШ-ты қысым мен сес көрсетуді тоқтатуға және барлық мәселені өзара құрметке негізделген тең дәрежелі диалог арқылы шешуге шақырды.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан