Тарихи отанына оралған 877 қазақ қандас мәртебесін алды

Уақыты: 2021-02-16 Көрлімі: 1348 Сипаттама

2021 жылдың басынан бері 800-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп ҚР Еңбек...

Kollazh-migratsiya.jpg

2021 жылдың басынан бері 800-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  хабарлаймыз.

«1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түрікменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% – басқа елдерден келген», делінген хабарламада.

Ведоствоның мәліметінше, келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларына қоныстанған.

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%, еңбекке қабілетті жасқа жетпегені 21,4% және зейнеткерлер 19,8%.




Пікір жазу
  • Биыл Қазақстанға тұрақты тұруға келетін 12 мың қандасқа қолайлы жағдай жасалады
    Қандастардың құқықтарын қорғауда енжарлық басым