НҰР ОТАНДЫҚТАР, ХАЛЫҚ ПЕН ҚАНДАСТАРДЫҢ ПІКІРІМЕН САНАСА БІЛЕЙІК

Уақыты: 2021-04-01 Көрлімі: 691 Сипаттама

Бүгінгі қазақ қоғамында билікке халық пен қандастар арасында неге наразылық азаймай...

unnamed (7).jpg

    Бүгінгі қазақ қоғамында билікке халық пен қандастар арасында неге наразылық азаймайды?    Басты мәселе қандай да бір деңгейдегі билік басында отырғандардың басым көпшілігі бас партиямыз Нұр Отандықтар. Соның бір мүшесі өзіммін. Бірақ, өз басым ақпараттық даму үрдісі бәсекеге түскен, озық үлгідегі ғылыми жетістіктер оза шапқан, технология тербелісі «тендірлік» саясат, инвецтисия тартуды тізгіндеп жүйеле деп тұрған заманда санасы қайта жаңғыра жаңармаған жандар наразылық келеңсіздіктерді ушықтырмаса уытын тыйып уайымсыз қоғам құруға белсене кіріспейтінін сезінемін. Олардың дәрменсіздік таныта беретіні де жаңа заман ақиқаты екенін жан тәніммен түсінемін. Сондықтан да өз пікір-ұсынысымды ашық айтып жазамын. Бұл жайды қоғам болып түсінер уақыт жетті. Өкінішке орай,халықтың ұсыныс, пікірімен келеңсіздіктерді жою жолындағы ұсынымдарымен санаспай, жазбаша-ауызша түрде көтерген мәселелерге қандай да бір әдіс амалмен жауап беру жолын қарайтын басшылар мен қосшылары қазақ қоғамында аз емес...  Бұл мәселе жоғарыдағы кейбір атқарушы билік өкілдерімен Алматы облыс әкімі деңгейінде ушығып тұр. Қанағатты жауап ала алмаған халық тоқтасын ба ары қарай бірлесе топтаса қарекет жасап  ізденуде. Бұл жерде әркімнің қабілеті мен ілімі ерекше рөлде ойнап кететіні де баршылық. Оларды оңтайлы пайдаланып қалғысы келетін жандар аз емес. Алматы облысында тұратын Қытай елінен келген қандас ағайындар соңғы жылдары видео арыз-өтініштерін шетел асырып БҰҰ-на, Евро одаққа жолдап жатыр. Бұған негізгі себеп бір шенеунік, қоғамдық ұйым өкілінің пікіріне құлақ аспай біздің айтқанымызбен жүресіңдер, орталарыңда біздің бір өкіліміз болуы керек деп айтқан ақылы қоғамдық ұйым өкілдерінің шамбайына тисе керек. Міне қоғамдық ұйым, халықпен санаспаудың кесірі... Өткен өмірден ғибадат алсақ мына заманда айтқаныңа көніп айдағанына жүре беретін, бос «ұранға» ере кететін адам аз. Халықтың санасы оянған. Ұлтымыз енді тек ұлылық қасиет, қазақи құндылық, ұлағаттылық пен ұлы көшбасшылықты талап етіп қалайды!!!  Өзінің әлеуметтік жағдайы мен күн көрісі артуына ең бастысы адам деген ардақты атына, адамдық затына сай абыройлы болу құқық мәртебесі кіммен де тең екенін қарапайым халық түсінгені қазақтың қанына сіңген тектілігі!.  Ал үлкенді-кішілі билікке қолы жеткендері сөзбен айтқанда алдына жан салмаса да іске келгенде жекебасының қамы үшін немесе жағымпаздық жыры, болмаса орынтағымнан айырылып қалмайын деген үрей қоқыныштың кесірінен халық пен қандастарынан өздерін алшақ ұстайтыны... Әйтеубір жергілікті мейілі республикалық бюджет қаражатын жеке мүдде мақсат жолына жұмылдыруға келгенде жолын табатындарға “қазақ” қажет болмай тұр ма дерсің!!!

Қазақстан Республикасында тұрып жатқан қандастар мен көші-қон үрдісіне қатысты кейбір шешімін күткен мәселелердің шешілу жолдарына ұсыныс ойымызды айтқан хатымызды Нұр Отан партиясының орталық апараты саралай келе Алматы облысы әкімініе жолдапты. Мұндай мәселе көтерген хатты қол астындағы қызметкерлері әкімге көрсетпейтіні мәлім. Олай дейтініміз, Баталов Амандық Ғаббасұлы әкім болғалы қандас ағайындар мәселесі облыс деңгейінде қаралған емес. Ол аз десеңіз облыс әкімінің де аудан қала әкімдерінің де жылдық есеп беру жиынында да қаралмайды. Яғни республика көлемінде қандастар ең көп шоғырланған 220 мыңға жуық ағайындар тұратын Алматы облысында халықтың көші-қон үрдісі ағым мен ғана жүріп жатыр деуге саяды. 

   

    Ресейдің екі ғасырға жуық бодандығынан кейін мыңдаған жылдар тарихы бар Қазақ еліне қайта оралған тәуелсіздікпен қазақтың ұлы көші кіндіктес. 1991 жылы наурыз айында Моңғолия елінен атамекен тарихи Отанына  Алматы облысы, Кербұлақ ауданына қоныстанған қандас ағайындар ұлы көштің бастауы болғаны да тарихи оқиға. Моңғолия қазақтары XX ғасыр соңында Д.Қонаев атамыздың атына Қазақстанға көшіріп алуын өтінген хат жазып шешімі Москвада қабылданып тарихи дерек болып қалғаны ол жеке әңгіме. Мінеки сол ыстық сағыныш сезімінде жүрген қазақ ел аралық шекара ашыла қалған тұста лап етіп өз елі атажұртына орала бастаған еді. 2010 жыл соңынан көшті белгілі-белгісіз себеп салдары тоқырауға ұшыратты. Белгілісі көші-қон үрдісімен айналысып ведомства арасында үйлестіре жұмыс жасайтын облыстағы көші-қон департаменттері таратылды. Белгісізі, күні бүгінге дейін белгісіз болып келе жатқан жандар. Яғни қазақтың саны еселеп өсуі өзге ұлт өкілдеріне солардың қатарындағы шала қазақтарға ұнамады. Шет елден келген қазақтар кеңес одағынан жалғасып келе жатқан  қағида тәртіпке мойын ұсынбай, мен қазақпын тәуелсіз еліме келдім өз еркіндігіммен жүремін, қазақ жерінде неден қалыс қалуым керек деп ықылым заманнан сана сезім, салт дәстүріне сіңген ұлт құндылықтарын ұлағаттап ашық айтып рухани жаңғыруға талпыныс жасағаны тіптен көзге шыққан сүйелдей көрініп кейбір жандарға мүлде ұнамады...     

      

  Оғанда көп мән бермей, сабыр сақтап кеңпейілділік танытқан ағайындардың көбі ұрпағының келешегін ойлап атақ абырой, мәнсапқа ұмытылып үкіметке қол созып көмек те сұрамай бел шеше іске кірісіп кәсібін жасап тірлігін қамдап кетті. Келе мал бағып біреуге жалданып жұмыс істеген қаншама ағайын бүгінгі күні малын біреуге бақтырып, елді жұмыспен қамтамасыз етіп балаларын ана тілімен бірге шет тілдерінде білім алдырып үкімет деңгейіндегі мемлекеттік қызмет атқаруларына ықпал ете алды. Айтайын дегеніміз бұл емес еді. Осылай өздерімен қоса өзгеге қол ұшын созып жергілікті халық қандас қазағымен құда-жегжат туыс болып нағыз қазақ ұрпағын өсіруге үлкен үлес қосып жатқан қандастарға қолдау көрсету, қамқорлық таныту деген мүлдем жүйесіз қалғаны. Осы көші-қон саласымен отыз жылдай етене араласқан, қай жылдары қандай саясат, бағыт-бағдар, тұжырым болғанын заңға әр жылдары қандай өзгерістер еніп олар қалай жүзеге асқанын немесе аспай қалуына нендей себептер болғанын жеттік білетін кадр маман ретінде білетін біздер айтпасақ кім айтар дерсіз. 


     Күйіндіретін тұстары: болып жатқан келеңсіз жайыттарды пікір ретінде жазып қайталап болдырмау жолына ұсыныс айтып хат жолдасаңыз тыңдар қылықты құлақ болмай тұрғаны. Былықты бастайтын сауатсыз да санасыз даукес,надан қандас  (оралман) деп меңменсіп өзін өз ұлтынан жоғары санайтын отырған тағын тәубасындай көретін жандар іріткінің ірісі боп тұрғаны да өмір шындығы...

Айталық ұлы көшті алғаш 1991 жылдары бастап келген ағайын Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына жиырма жылдан асты. Енді зейнеткерлік жасқа толды. Бірақ ҚР-ның азаматы ретінде жергілікті халық пен тең дәрежеде құқылы емес. Бұған кедергі келтіріп оларды қылмыстық іске итермелеп отырған Еңбек министрлігі өзі. ҚР-ның азаматы шетелде оқып келсе оқыған жылдары еңбек өтіліне енеді. Ал шетелден келіп зейнеткерлікке шығатын ҚР-ның азаматы болып кеткен адамның шетелдегі еңбек өтілі есепке алынады да оның шетелде оқыған, әскерде болған жылы есепке алынбайды. (айтпақшы кейбір облыстарда алынады). Яғни бір адамның құжатын екі бөліп қарау қаншалықты заңды. Еңбек министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Алматы облысының сұраныс хатына шетелден келгендерге олардың шетелде оқыған жылы есепке алынсын деген бап заңда жоқ деп берген түсініктемесі себеп болған. Заңды бекіттірген кезде өздері қайда қараған. Енді елді алдап Моңғолия елімен келіс сөз жасалып жатыр деп жазады.  Моңғолия елінің азаматтығынан шығып Отанына көшіп кеткен қазақтың зейнетке шығуына Моңғолия елінің не қатысы бар. Олар асырай алмасаң қайтар сонда ғана өзіміз қараймыз демесіне кім кепіл. Өте ұятты іс... 

Қылмыс жасауға итермелеп отыр дейтініміз шетелде оқып білім алған жылы есепке алынбаған жандар енді келген еліне барып оқыған жылын еңбек істеген жылға ауыстыртып келулері. Бұл соңында білімі жоқ сауатсыздар келіп жатыр дегенге жеткізеді. Екінші жағы айтпаса да түсінікті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  билік басында отырғандар партия мүшелері, Нұр Отан партиясы төрағасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қандастар арасындағы «Нұр-Аға» атанып өздерінің өкіл әкелеріндей сезінетін сенім беделіне нұсқан келтіретіндерін білмегені ме? 

Жоқ әлі де олар депутаттарды көндіріп наразылық жазатын жандарға шектеу қоятын заң бекіттіріп өздерін ақтап алғысы келеме?! Заңда қайшылығы жоқ мәселені жауапкершіліктен қашып наразылыққа айналдыра беретін кадрдардан партия қатарын қалай тазалауға болады??? Жоқ әліде бір неше кадр, қызметкерлердің кесірінен мемлекетіміздің мерейлі мүддесі әлемге жайсыз хабар танытып жатса да жайбырақат отыра беруіміз қажет пе? Салалық қызмет сапасын санамыздан шығара салу қазақ қоғамына, келер ұрпақ алдындағы парыз қасиетімізге қандай әсер қалдырмақ?! Сол үшін үнсіз қалу дегеніміз-ұрпақ үмітін өшіру деп білеміз. 


  Жоғарыдағы Нұр Отан орталық апаратына жолдаған хатымызға Алматы облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов мырза жауап беріпті. Қандас ағайын арасына алтын көпір болып өзіміз насихаттап айтатын біраз мәселені өзімізге баяндапты. Оғанда ризашылық айталық. 

Еңбек министрлігіне 10 наурызда хат жолданғанын, бұл сұраққа тиісті жауап алынғаннан кейін, қосымша жауап беретінін айтыпты. Бұған рахмет дейік. 

   «... Облыс басшылығының қолдауымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Ішкі саясат басқармасы тарапынан тарихи отанына қоныс аударған этникалық қазақтардың туындайтын мәселелерін шешу үшін, облыстық «Қандастар» орталығының қызметін ұйымдастыруға 30 миллион теңгені құрайтын екі жылдық конкурстық жоба қарастырылған»-депті. Сонда облыс әкімдігі шоғырланған қандастар мәселесі және олармен тығыз күнбе-күн байланыс жасап Қазақстанның әрбір қадамына талдау жасап қай елді мекенге келуге, өз Отанына келіп үлесін қосуға үмітті қандастар тағдырын, олардың құжаттарының заңды жинақталуына қолдау көрсетіп қамқорлық танытатын мекемені «конкурстық жоба»-ны ұтып алған бір кәсіпкердің қолына табыстай салмақ болғаны ма?! 

   Онсызда облыс әкімі жергілікті бюджеттен қаржыландырып отырған штаттық кестеге сай 4 қызметкері бар Оралмандарды уақытша бейімдеу орталығы деген мемлекеттік мекеме бар. Сонда олар не істеп қайда қалады?  

     Облыс әкімдігі 30 миллион теңгені конкурс жариялап ауаға шашқаннан гөрі облыстағы ағайындармен жұмыс жасап отырған мекеме ұйымдардың басын қосып қандастармен отандастарға нақты шынайы қолдау көрсетіп қамқорлық жасайтын орталық ашқаны мемлекетеміз бен қандастар мүддесі үшін тиімді де ауқымды жұмыс болар еді. Бұл мекеме, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік  қоғамы, «Отандастар Қоры»коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында меморандум жасап көші-қон үрдісіне қатысты мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс аясын кеңейте қандастарға да халыққа да қызмет көрсете берсе нұр үстіне нұр болары анық. 

   Ал, жауапкершіліктен қашып өз қарабасының қамын ойлайтын жандар өзін де өзімен қоса елге, мемлекеттің мерейлі мүддесіне орасан зор келеңсіздік туындата берері анық. Арты наразылық, шерулерге ұласып елмен елжұрт арасында үрей-сенімсіздік оты тұтана келе масқарамыз шығар. Қазаққа-қазақтан басқа ешкім, ешбір мемлекет, ұлт құндылығы турасында ұлағатты жол көрсете алмасы бір Аллаға ғана аян! Әркім сөзден-іске көшер заман дәуірі сізбен бізді кешірмесіне кемеңгерлікпен қарайық ағайын! 

 

Құрметбек Сансызбайұлы, 

31.03.2021 жылы. 

Алматы облысы.


Пікір жазу
  • Түркі әлемінің темірқазығы
    Тоқаев: Түркі өркениетін жаңғыртуды қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз