Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды

Уақыты: 2021-01-22 Көрлімі: 637 Сипаттама

Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін...

210122112856235e.jpg

Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Әсел Робертс (Төленова) бұл қызметке 2021 жылдың 20 қаңтарында, Ақ үйге АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің келуінен бастап кірісті.

Әсел Робертс (Төленова)1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Джорджтаун университетінің түлегі, Әсел АҚШ президенті протоколында 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген. АҚШ азаматы Шон Робертске тұрмысқа шыққанына 20 жыл болды, екеуі Айдин есімді қыз өсіріп отыр.









Фото: facebook.com/Duisenali.Sanzhar


Пікір жазу
  • 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
    Депутаттар қандастар үшін квотаны көбейтуді сұрады

    Ұқсас тақырыптар