Қазақ ұлтының бейзаттық мәдениет мұрасы – соғым

Уақыты: 2019-11-15 Көрлімі: 268 Сипаттама

Қазақ халқы ежелден бергі келе жатқан дәстүрі бойынша қыс түскенде соғым сояды. Бұл қаз...

Снимок1.JPG

Қазақ халқы ежелден бергі келе жатқан дәстүрі бойынша қыс түскенде соғым сояды. Бұл қазірге дейін көшпелі мәдениеттен отырқшылыққа ауысққан қала қазақтарының да бір бөлімінде сақталуда. Ал қалада туып өскен ұрпақтың бұл дәстүрді ары қарай жалғап әкетуі күмән туғызады. Сол тұғыда соғымды қазақ ұлтының бейзаттық мәдениет мұрасы ретінде өзіміздің ұрпаққа да өзгеге де таныстырудың кезі келгендей. Бұл нәсихатты Қытайдағы қазақтар бастап та кетіпті (Ондағы ассимиляцияға ұшыраған ұрпақ үшін қажетті ақпарат). Осы ретте Қытайдағы қазақтардың «Қаратал» вичат желісінде шыққан соғым туралы ақпараттарын назарларыңызға ұсынамыз.

Соғым деген не?

Қазақтар  әр жылы алғашқы қар жауғаннан кейін, жағдайы келетін отбасылары қой, сиыр, жылқы сойып, етін жіліктеп, тұздап сүрілеп тастайды. Бұл соғым деп аталады. Қазақ ұлты не үшін соғым сойады? Оны не үшін бір түрлі мәдениет деймыз?

Қазақ ұлты көшпенді мал шаруашылық мәдениетін негіз еткен ұлт, тұрақты өңірде мал шаруашылығын негіз етіп, басқа өндіріс тәсілдерімен ұштастырған тұрмыс тәсілін қолданады. Ертеректе табиғатқа сүйеніп мал баққан. Әрбір отбасының, рудың немесе тайпаның, сондай-ақ тайпалар одағының салыстырмалы тұрақты өңірі болады, сондықтан мыңдаған жылдардан бері жылдың төрт маусымында көктеу, жайлау, күзеу, қыстаулар ара көшіп мал бағып және басқа өндіріс жұмыстарымен айналысып тіршілік еткен. Қыстаулар біршама шоғырлы орналасады әрі тұрақты болады, қыс түскеннен кейін әртүрлі егіншілік, малшылық жұмыстары негізінен аяқтап, жұрттың арқасы босап қалады, көктемнен бастап көші-қон, егіс жұмыстарымен сыртта қарбаластықта жүрген адамдар қыс маусымында негізінен бір жерде тұрақтап отырады әрі негізінен үйде болады, туыс-туған, дос-жарандар, көршілер бір-біріне қыдырып, өткен-кеткенді айтысады. Бұл кезде адамдар малының жағдайына қарай соғымға сиыр, қой, жылқы сояды, түйе соятындар да болады. Малдың етін жіліктеп бөліп, тұз сеуіп, ыстайды, соғым басына дайындалады. Қыста күн суық, күн қысқа, таң ұзақ, адамдар ас қорытуға пайдалы әрі нәрлі қымыз, шұбат ішеді, істерге шаруа аз болғандықтан жәй жатып жәй тұрады, бірін-бірі қонаққа шақырып, соғым басын беріп, қысты жайбырақат өткізеді. Қонаққа табақ тартудың өз жон-жосығы бар. Қонақ өзіне тартылған жілікке немесе көрсетілген сыйға көңілі толмаса, жілікті турамай табақты қайтарады, қонақ иесі ұятқа қалады. Сөйтіп, жаратылыстық орта мен өндірістәсілі қалыптастырған тұрмыс дағдысы қазақтың ежелден бергі ұлт мәдениетінің маңызды құрамдас бөліміне айналған.

photo_263220.jpg

Қазақ халқы бір жылдың төрт маусымында да сиыр, қой, жылқы сояды, келген қонағына құрметтеп мал сояды. Бірақ басқа маусымдарда немесе басқа себеппен сойылған мал соғым делінбейді. Ет тұтынудың тәсілі мен әдістері де (пысыру әдісі) өте көп. Бірақ бір ұлттың бір маусымға шоғырландырып мал сойып, басқа маусымда, басқа себептермен мал сөюмен, сондай-ақ басқа да ет тұтыну әдістерімен парықтап, оны бір түрлі тұрмыстық қимыл немесе мәдениет ретінде тануы өте сирек ұшырайтын жағдай. Сондықтан соғым қазақ халқының бір түрлі бейзаттық мәдениет мұрасы есептеледі.

Қазақтардың соғым сою барысы

Әр жылы қараша, желтоқсан айлары қазақтардың соғым соятын мезгілі. Бұл тұста малшылар семіз, күйлі малдарды қысқы азық ретінде сойып алады. Соғым кезі ауылдағы жұрттың қуанышпен бас қосатын отырысы да болып саналады. соғым кезінде коршы-қолаңдар келіп көмектесіп, соғым шүйгін болсын айтысады.

Жылқы қазақ халқына ең ұзақ серік болған мал. Тәңір тау қойнауында жасайтын қазақ отбасылары әдетте 3, 4 түрлі мақсатта өсіреді. Біреуін күнделікті мал бағуға пайдаланады, біреуін той-томалақтарға мінеді, бәйгеге, қызқуарға, көкпарға қатынастырады, енді біреуін қысқы соғымға сояды. Жылқы еті − қазақтардың ең жеңсік асының бірі. Әр жылы қыс түсердің алдында, қазақтар қары жұқа, боран соқпайтын, жері тегістеу сайларға көшіп барады. Қыстан өту үшін, жіңішке талшықты, құрамындағы белогы мол, майы оңай сімірілетін жылқы етін ең негізгі тағам ретінде тұтынады.

Снимок.JPG

Қазақтар жылқы етін өңдеуге ерекше мән береді. Тұз бен ақ бұрышты талқандап жылқы етіне сеуіп, 6 сағат қойып, жылқының ішегіне тығады. Қысқы соғымның еті ысталуы керек. 48 сағат ыстау барысында, түтін мөлшері мен температураны меңгеріп отыру керек әр екі сағатта бір аударып, еттің тегіс ысталуына кепілдік етуге болады. Сақталу уақытын ұзарту үшін, жылқы етін ыстап, еттің құрамындағы суды шығарады. Тяншан қойнауындағы қазақтар қарағаймен ыстаса, Іле аңғарындағы қазақтар жеміс ағашымен ыстайды. Сөйтіп, ысталған жылқы етінің иісі мұрын жарады. Қазақтар жуып тазаланған жылқының ішегіне ұсақ еттерді, қабырғаны, кесек етті тығып жасалған қазыны ыстағаннан кейін оны сақтауға, алып жүруге оңай болатынын білген. Сондықтан ысталған жылқы еті, ысталған қазы қазақтардың ең жеңсік асына айналған. Өмір тәжірибесі барысында қазақтар жылқы майы мен сиыр, қой майының ұқсамайтынын, жылқы етінің майы қанша қалың, қанша көп болса да, жоғары темпратурада ысталып қақталған соң етке сіңіп кететінін, оның үстіне жеміс ағашы мен қарағайдың қош иісінің де етке сіңетінін білді. Адамдардың талабына қарай қазы жасағанда етке тұз, бұрыш сияқтыларды қосады. Ерекше шеберлер жасаған қазы жұп-жұмыр, тегіс, сырты жылтырап тұрады. Соғым сойылып болған соң, ауылдағылар бірін-бірі соғым басына шақырады.


Пікір жазу
  • Гималайдан асқан көштің куәгері – Ғайни апаның әңгімесі
    Ғалымдар: Ораз-Мұхаммед ханның тарихи рөлі әлі толық бағаланбады