Көш – ұлт тағдырының туындысы

Уақыты: 2018-08-03 Көрлімі: 1978 Сипаттама

Көш– ұлт тағдырының туындысы және өтпелі құбылыс. Әрбір кезеңнің өзіңдік көші заманына...

aul2.jpg

Көшұлт тағдырының туындысы және өтпелі құбылыс. Әрбір кезеңнің өзіңдік көші заманына сай проблемалары бар.

Қазақ халқы ұлт тағдыры пышақ жүзіне іліне жаздаған қиян-кескі талай оқиғаларды басынан кешірді. Өз нәсілін, елін сақтап қалу үшін күрес оңайға түскен емес. Соңында қазақ болып қалыптасқан бағзы түркі тайпаларының батыстан шығысқа, шығыстан батысқа жосыған көштерін айтпағанда, қазақ өз басына шаңырақ көтерген соңғы бес ғасырда алты мәрте (1723 жылғы ақтабан шұбырынды, 1750 жылдардағы керей көшкен, 1916 жылғы дүрбелең, 1929-1932 аштық пен жұт, 1932-1937 жылдарға саяси қуғын-сүргін) жан сауғалап, жат жерге үдере көшуге тура келді. Шет елдегі қазақ қауымы (Diaspora, irredent-terra) осылайша пайда болды. Бірақ қазақ диаспорасын «бөгде жұртты жаулап, өзіне сіңіріп алу» үшін әдейі аттанған Русь және басқалардың диаспорасымен салыстыруға болмайды. Мұндай тапсырмамен атажұртынан аттанған бір қазақ жоқ. Барлығы да шыбын жаны, ұрпағының қамы үшін жан сауғалап артына қарай-қарай, көз жасын көл қылып атажұрттан аттанғандар. Әрине, барлығы да бөгде жұрт арасында бір жан бағудың қамын жасай білді. Бірақ қай елде өмір сүрмесін, жат елдегі қазақ қауымы рухани жетімдік, ұлттық сағыныштан азат болып көрген емес. Мұның бір дәлелі шет елдегі қазақтардың ауыз әдебиеті, жыры мен дастаны, әні мен күйі, көбінесе бір ғана аңсау, зардан құрылғандығы. Ақыт қажы, Таңжарықтың өлеңдерін оқығанда, «Зар заман», «Елім-ай», «Бөпем-ай» әнін естігенде қазақтың ет жүрегі елжіреп сала беретіні міне, сондықтан. Бұл арман-зар алғашқы қазақ атажұрттың көк жиегін артқа қалдырған сол сәттен басталады.

Өз атажұртында, ағайынның арасында жүрді дегеніміз болмаса, мұндағы ағайындар да не көрмеді. Әйтеуір тағдырдың талай тауқыметін басынан өткере жүріп, ата-мекен жер, ұлттық құндылықтардың нәр қаймағын сақтап, славяндықты славяңдардай игере тұра жүрегі қазақ күйнде қалды. Егер олай болмағанда қазақ қайтып оралмас еді, оралған күнде де Қазақтанда алшаң басып жүрмес еді. Бүгін қазақ атажұрттқа қайтып жатқаны ұлт парқының сақталғандығының белгісі. Ол үшін атажұрттағыларға наз емес, алғыс айту орынды. Қытайдан 1955-1962 жылдары оралған көштің легінде келгендер өкіметтен бір басының сыюынан өзге ештеңе күтпеген. Олар саяси идеологияның қатаң бақылауында жүріп-ақ қазақтың этно-мәдениетіне өзіндік үлес қосты.

Қазақ халқы 1950 жылдардан басталған коммунист-утопистік саясаттан көп опық жеді. Қазақстанды «өндірістендіру», «тың игеру» деген желеумен қазақ жеріне бөгде ұлт өкілдері көптеп қоныс аударылуы салдарынан қазақ ұлтының геосаясаты, тұрмыс-салты, этно-тіл мәдениеті орасан өзгерістерге ұшырады. Қазақтың ұлт ретінде басқаға жұтылып кету қаупі туды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт жүзінде өзін сақтап қалу үшін жасалған қазақтардың кеңестік құрсаудағы ең соңғы дерлік аяқ серпуі болатын. Кеңес империясының күйреуі қазақтың ұлттық жанталасымен тұспа-тұс келді. Міне, содан болар, 1991 жылы ұлт, ел дербестігін жариялағанда қазақтардың қуанышында шек болған жоқ. Тәуелсіздіктің сүйінші хабары әлемнің түкпірінде тұрып жатқан қазақтарға дала өртіндей тез жетіп, әрбір қазақтың жүрегіне атажұртқа оралсақ деген үміт отын жақты. Қазақстанның тәуелсіздігі қазақ үшін ұлттық қайта өрлеудің бастауы болды. Оның бір айқын көрінісі атажұртқа бет бұрған халықаралық қазақ көші болатын.

Көш тәуелсіздіктің туындысы екені рас, бірақ ол аяқ асты, ат үсті басталған құбылыс емес. Егер халықтың ащы арманынан туған көші-қон идеологиясы көпшіліктің жүрегінде сайрап жатпағанда көші-қон жарылысы тумаған болар еді. Мұңдай идеологияның қалыптасуына қазақтың әр кездегі ұлтжанды зиялылары елеулі рөл атқарды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күні-ақ көші-қон идеологиясы жарыққа шықты. Әрине, қандай бір ой-сананы іске асыратын адамдар ғой..

1507610410_article_b_1500_.jpeg

1991 жылдың басында әуелі «Қайт, қазақ, Отаныңа» деген Қазақстанның ақын-жазушылары, ғалымдардың үні естіле бастады да, іле-шала Президент Н. Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хаты жарияланды. Хатта: «Атамекенге келемін деушілерге жол ашық, ата-баба аруағы алдарыңнан жарылқасын», - деген ақ тілек айтылған. Хат онсызда елпілдеп, елегізіп отырған қазақ кауымын дүр сілкіндірді. Бұл кезде шетелдерде ресми сан тізім бойынша әлемнің 30-дай елінде 4 млн.-нан астам қазақ тұратын. Олардың ең көлемді топтары ҚХР, Өзбекстан, Ресей, Монғолия, Ауғанстан, Түркияда тұратын және ҚХР, Өзбекстан, Ресей Федерациясындағы қазақтар ирреденттер (өз атамекенінде туратындар) тобына, қалғаны репатрианттар (немесе бөгде ел мен жерде тұрушылар) катарына жататын. Тұрып жатқан елдерінің қоғамдық құрылымы тұрмыс жағдайы да әрқилы болды. ҚХР-да 1950 жылдардан басталған әртүрлі саяси науқандардың салдарынан ондағы казақ зиялылары айтарлықтай саяси құғын-сүргінге ұшырады. Иран, Ауғанстанда өмір сүретін қазақтар ол елдің азаматтық статусына ие бола алмады. Мұндай көрініс Түркия елінде де болды. Алмания, Түркия, АҚШ, Канада, Үлыбритания, Швейцарияда тұратын қазақтардың интеллектуальдық мүмкіңдігі осал болғанымен, тұрмыс деңгейі айтарлықтай жақсы болды. Монғолиядағы қазақтардың тұрмысы орта шарқы болды, бірақ саяси және басқадай шет тебушілік көрмеді. Бұрынғы КСРО империясында тұратын қазақ топтарының тұрмыс-салты бір-біріне ұқсас және интеллектуальдық болмыс мүмкіндігі жоғары болды. Осындай әрқилы мүмкіндігі бола тұра 1990 жылдардағы атажұртқа оралған көш Монғолиядан басталды. Оның өзіндік себептері бар еді. ҚХР және батыс елдердегі қазақ топтары үшін бұрынғы Кеңестер одағы саяси-идеологиялық тұрғысынан да, жан дүниелік (психологиялық) таным тұрғысынан да жабық, беймәлім дүние болатын. Бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған республикаларда тұратын қазақтар ұлт жүзінде басы ашық екендігін кеш сезінді және кеңестік психологиядан арыла қоймағандықтан олар үшін Қазақстан соншалық таңсық емес еді. Ал Монғолияға келсек 1) Кеңестер одағы үшін етене жақын және ашық жүйе болатын; 2) Ондағы қазақ зиялылары Қазақсганның тыныс-тіршілігімен етене жақын таныс және елдің мүмкіндігін жоғары бағалап, пір тұтатын; 3) 1990 жылдары басталған үлттық-демократиялық қозғалыстар, саяси экономикалық түпкілікті өзгерістерден қалжыраған және бұрынғы арқа сүйер жалғызтірегі КСРО-дан көз жазып қалған монғол қоғамы іс жүзінде қазақ көшіне қарсы тұруға қауқарсыз еді. Өздері азшылықтың ащы дәмін татқан, оның қайғы-қасіретін жақсы түсінетін монғолдардың ұлт тегіне оралған қазақ көшіне іштей қарсы болмау мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмас. Сөйтіп атажұртқа оралған көш «Еңбек шарты» деген атпен 1991 жылы наурызда Монғолиядан басталды. Қазақстан үкіметі көші-қон төңірегінде шынымен ерлік қадам жасады. Мұндағы күн көрістің қиыншылығына қарамастан 1991-1992 жылдары Монғолиядан 44 мың қазақты атамекенге көшіріп алды. Көшті өрбітуге сол кездегі Талдықорған, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облысының әкімдері, жергілікті басшылар игі қадамдар жасады. Жергілікті қауым қазақ көшін құшақ жая қарсы алды. Монғолиядан бастау алған көшті ҚХР, Түркия, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Ирандағы қазақтар жалғастырып, көш нағыз халықаралық құбылысқа айналды. 1991-1993 жылдары атажұртқа алыс және жақын шет елдерден 500 мыңға жуық адам (тек қазақ қана емес) көшіп оралып миграциялық сальдо үш жылдың орташа есебімен 150 мыңға жетті.

Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстан елінің саяси-әлеуметтік өмірінде «көші-қон» атты жаңа құбылыс пайда болды. Ол бұрын-соңды ойламаған жерден басталып кеткендіктен жедел шешім күткен жаңа-жаңа проблемалар тудырды. Мұндай өзекті сауалдардың бірі - ұйымдастыру мәселесі еді.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің «Көші-қон туралы» 1992 жылы қабылдаған қаулысы бойынша, Еңбек министрлігінің жанынан Көші-қон басқармасы құрылды. Аталмыш басқарма және Дуние жүзі қазақтары қауымдастығы қазақ көшінің алғашқы легін қабылдап, тиісті көмек көрсетуде игі жанашырлық танытты, тартымды шараларды іске асырып отырды.

ҚР Министрлер Кабинеті 1992 жылы қыркүйектің 23-інде қабылдаған «Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезінде әлеуметті экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» әйгілі № 791 қаулысы, көптеген ағайындардың атажұртта өмірге жол тауып кетуіне ұйтқы болды. Оралмандардың көпшілгі үй жаймен қамтамасыз етілді, елдің мүмкіндігіне орай тиісті көмегін алды, зейнетақы және басқалай жеңілдіктерге қол жеткізді.

Әрине, Қазақстан Үкіметін де, оралмандарды да толғандырған өзекті мәселелердің бірі оралмандардың құқықтық статусын реттеп қалыпқа келтіру еді. Бұл турасында ҚР Министрлер Кеңесі 1991 жылы 18 қарашада қабылдаған «Азаматтық құжаттандыру туралы» қаулысы және ҚР Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы 26 мамырда қабылдаған «Көші-қон туралы» заңы уақытша болса да өзінің қоғамдық рөлін атқарды. Аталған заңда «шетелде тұратын казақтар үшін тарихи отанына емін-еркін оралуға» мүмкіндік берілсе, ҚР конституциясының ІІ бабы бойынша «республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға» кепілдік берді.

ҚР Президентінің жарлығымен 1996 жылы қабылданған «Шет елдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы мемлекеттік бағдарлама» және 1997 жылы қабылданған «2000 жылғы көші-қон саясатының негізгі бағыттары» туралы пәрменді құжаттар өмірге келді.

Аталған құжаттар көші-қон үрдісінің алға басуына құқықтық мүмкіңдіктер туғызды. 1993-1994 жылдарда Қазақстанда басталған экономикалық тығырыққа тіреушілікте көші-қон барысына өз әсерін тигізбей қоймады. Осы жылдары көштің дүбірі саябырси бастады. Мысалы, алыс және жақын шетелдерден көшіп келушілердің саны 1996 жылы 1991 жылмен салыстырғанда төрт есе, 1993 жылмен салыстырғанда екі есе азайды. 1991-1992 жылдары 1100 отбасы келген Монғолиядан 1995 жылы бар-жоғы 3, ал 1996 жылы 17 отбасы ғана келді. Басқа елдерден келушілер де азая түсті. 1991-1995 жылдар аралығында Монғолиядан келген 800 отбасы және РФ Алтай өлкесі, Қарақалпақстаннан келген біршама ауыл келген ізімен кері қайту көрініс берді. Түркия және басқадай елдерден мұнда қоныс шалуға келген бірер ағайындар көш тізгінің тежеп ала қойды. Бір сөзбен айтқанда көші-қон мәселесі тығырыққа тіреле бастады. Қайсы біреулер осынау «кері көшуден» ұлттық трагедия жасағысы келеді. Әркім өз тағдырына өзі ие мына заманда «кері босудан» трагедия жасаудың қажеті жоқ. Бірақ кері кешудің негізгі себептерін айқындап алу қоғам өмірі үшін артық жұмыс емес. Меніңше, көшті тығырыққа тіреген басты себеп елдің экономикалық ахуалына байланысты. 1993-1995 жылдары Қазақстан экономикасындағы бұрынғы кеңестік мүмкіндік сарқылып, Қазақстанның өзіндік экономикалық дағдарысы басталды. Дағдарыстың салдары қазақ көшін қабылдаушы негізгі нысана ауыл шаруашылығына тым ауыр тиді. Әркімге өз қара басының күн көрісі мұң болған тұстарда кейбір елді мекендерде көшке деген ынта-ниет босаңсығаны рас. Кері көш осы кезде болды.

Бүгінгі күнде атажұрттан кері қайтып жатқадар да, бұрындары қайтып кеткендердің ішінен атажұртқа екінші мәрте қайтып оралып жатқандар, тіптен орала алмай жүргендер де баршылық. Жергілікті қазақтардан шетелге көшіп жатқаны да бар. 1993-1999 жылдары 191 орыс ұлтының өкілдері Қазақстанға қайтып оралған. Оның барлығын «орысшылдыққа өкпелегендіктен» деп қайтып айта аласың. Әрбір жанның өзіндік тағдыры бар. Сондықтан бұл сауалға кесіп-пішіп жауап бере салу мүмкін емес.

Көшіп келушілердің саны орасан қосылмағанымен 1997-1998 жылдардан бастап көші-қон мәселесіне қайта жан кіре бастағаны байқалады. Бұл біріншіден, Қазақстан экономикасында өрлеу көрініс бере бастағанында болса, екіншіден, «Халықтың көші-қоны туралы» заңы өмірге келіп, мемлекеттік Көші-қон агенттігі құрылып, іске кірісуімен байланыстыруға болатындай. Соңғы екі жылда мемлекеттік Көші-қон агенттігі көші-қон төңірегінде жинақталып қалған бірер мәселенің басын ашты. Көші-қонға бөлінетін қаржының көлемі артты, оралмандарды үй-жаймен қамтамасыз ету мәселесі бір қадам алға жылжыды. Зейнетақы мәселесі негізінен шешім табуда.

Мен қоғамтанушы тұрғысынан да, оралман ретінде де көш көліксіз болды деп айта алмаймын және көші-қон төңірегіндегі бір жақты жылауық психологияға, елдігімізге, бірлігімізге жат кейбір қаңқу әңгімелерге қосыла алмаймын. Қазақстан Үкіметі жоқтан бар етіп, көші-қон төңірегінде қалыптасқан көпгеген мәселелерді біртіндеп шешумен келеді. Мен мұнда барлық игі қадамдарды тізіп жатпай-ақ айтайын дегенім оралман зиялы қауым өкілдері ғылымда, өнер-білімде өз орнын таба бастағандығы. Қазір тек Алматыда ғылыми-зерттеу орындарында 20-дан аса ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарында 20-дай оқытушылар, ондаған аспиранттар қызмет етіп жүр. Өнерде, ғылым, білім, бизнес, әр салада көпке таныла бастаған азаматтар баршылық. Оралмандар арасынан өрге талпынған ұлтымыздың бүгінгі өресіне сай талантты жас буын өкілдері өсіп келеді. Шет елдегі қазақтар, оралмандардың талай балалары жоғары оқу орындарында ақысыз-пұлсыз білім алып жұр. Оралман зиялы тобының шоқ-шоқ өкілдері Астана және Казақстанның басқадай қалаларында көрініс бере бастады.

Мінеки, 1991 жылы басталған көшпен келіп, қазақ топырағында дүниеге келген сәби биыл он жасқа толады екен. Он жыл деген аз уақыт емес. Қанша дегенмен ағайын ағайынмен табысып, ел есін жиып, оралмандар ар жақ-бер жағын танып қалды. Олардың ішінде ізденіс-талпыныстың арқасында өз ошағын дөңгелетіп әкеткендер де аз емес. Уақыт өткен сайын бүгінгі оралман атанған топ өз басының қамы үшін өзі жауап беретін уақыт «Оралман» атанып жүрудің де өз уақыт шегі бар. Ол әр адамның өз жауапкерішілігіне байланысты.

Бірақ мен көші-қон төңірегінде проблемалар, шешімін күткен мәселелер жоқ деп айта алмаймын, ондай мәселелер бар, әрине.

Бүгіндері оралмандардың үй-жайы, меншік иелену, оқу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер төңірегінде айтылып жүрген сын көп және оның көбі орынды. Меніңше; проблеманың түп төркіні көші-қон мәселесін заңдастыруда жатыр. Ия, 1997 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» заңы қабылданды. Заң әлемдік және Казақстан өмірінің талаптарына сайма-сай деп айту қиын. Заңның көптеген тармақтары республикамыздың басқадай заңдарының тармақтарына қайшы келеді. Айталық, заңның 29 бабында оралмандарға берілетін 13-14 түрлі жеңілдіктер, өтемақы мен басқа атаулы көмек түрлері көрсетілген. Бірақ, «Оралман» деген заңның қай тұлғасы, қандай статусы, құқы бар, қоғам алдындағы міндеті не? Бұл туралы аталған зандағы жалпылама анықтамадан өзге құқықтық өзекті талдау жоқ. ҚР Азаматтық заңы, Жер туралы заң ережелері, қаржы заңы тек Қазақстан азаматтарына арналған және «Халықтың көші-қон туралы» заңының 29 бабында көрсетілген, мәселелер мұнда аталған заңдарда басқаша белгіленген. Бүйтіп бір заңмен басқа бір заңның ережелерін бұзуға болмайды ғой. Заң қабылданды, бірақ оған жан беретін тетіктер қолға алынбады. Мысалы, 29 бабтың 3 тармағында оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысына арнап жер телімдерін, субсидиялармен нақты гранттар белгілеу, өндірістерді инвестициялау немесе жеке тұрған кезінде бір жолғы қаржы көмегі, преференциялар бөлу тәртібін ҚР үкіметі белгілеуге тиіс еді. Бірақ мәселе жабық күйінде қалды. Сол сияқты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оралмандарды еңбекке жұмылдыру туралы, Қаржы министрлігі 29 бабтың 9 тармағында көрсетілген, Туризм, білім және денсаулық сақтау минисірлігі ІІ тармақты орындау ережелерін белгілеуі тиіс болатын. Оның барлығы да қолға алынбады. Осылайша заң орындалмай жатып-ақ енді, міне, қайтадан өзгеріс енгізу мәселесі көтеріле бастады. Заңның өзгерістерге ұшырауға тиісті тұстары бар, бірақ өзгерту үшін әуелі практикалық апробация (өмір талқысынан өту) жасап көру керек еді.

Жоғарыда айтқанымыздай, мәселенің түп төркіні азаматтық, мәселесін шешуде жатыр. Қазір «азаматтық бермей отыр», «толтыратын қағазы көп», «төлемі ауыр» деген бір жақты пікір көп айтылады. Айталық, 1995-2000 жылдар аралығында 12800 адам Монғолия азаматтығынан шыққан. Олардың 4000-ға жуығы ҚР азаматтығына ие болған. Басқасы қайда? Бүл мәселенің себебін екіжақтан да іздеген жөн сияқты. Иә, толтыратын қағаздардың тізімі көп екені рас. Бірақ, ҚР заң ережелеріне өзгерістер енгізілмесе, тиісті орындар Қазақстанның азаматтық заң ережелерін қалай бұза алады? Қазақстан деген ұлттық құрамы әрқилы, келім-кетімі көп, тоғыз жолдың торабы, ұлт тағдыры тым күрделі жағдайда тұрған мемлекет. Мұндай жағдайда азаматтыққа қабылдауда неге тиісті бақылау тексеру болмасқа. Меніңше, біз бұл мәселе төңірегінде ҚР тиісті органдарын оралмандар үшін ел заңын бұзуға шақыру емес, керісінше әр тетіктегі іс барысында отырған кейбір адамдардың білгірлігі мен қарапайым бір адами қатынастары жетіспей жататындығын айтсақ көңілге қонымды болмақ.

Әрине, төлқұжат алу, виза мәселесінде оралмандар үшін өкімет түрғысынан кейбір жеңілдіктер көрсету қажеттігін жоққа шығаруға болмас, бірақ кейде келіп-кетіп жататын ағайындардың өз тұрғысынан шынайы ниет, қажыр-қайрат, белсенділігі жетіспей жататынын айта кету артық болмас деп ойлаймын.

Оралмандарды толғандырып отырған өзекті мәселенің бірі –жұмыссыздық. «Адам құқығы жалпылама ережелерінің» 23 бабы миграция жайлы 1951 жылы қабылданған Вена конвенциялары, МОТ (халықаралық еңбек ұйымы) ережелерінде бұл туралы құқықты нақты мәселелер белгіленген. Және мұндай ережелер ҚР конституциясының 24 бабының І тармағы, «Халықтың көші-қон туралы» заңының 4 тармағында азаматтардың еңбек ету құқығы белгіленген. Оралмандар төтенше субьект екені рас. Бірақ оралмандар деген бағзы бір отқа қарап піс, аузыма түс деп отырған жандар емес. Олар өзін қойып бөгденің отын оттап көрген, қазақша айтқанда есік көріп, оң мен солын таныған жандар. Қайсыбірі малын бағып, қанжыға саудасын арқалап көппен бірге күн көруде. Оның барлығы үкіметтен жұмыс сұрап отырған жоқ. Бірақ, олардың арасында: «Өзім болмасам да осыларымыз бір іске жараса еді», -деп халық тілеуін тілеп отырған азаматтар, әсіресе, келешегінен үміт күттірген жастар бар. Алғашқы көш келгеннен бері он жылдың жүзі болыпты. ҚР азаматтығын алғандары да аз емес. Сөйте тұра күні бүгінге дейін мемлекеттік қызметте «оралманнан» шыкқан бірде-бір азаматтың жоқтығына не деп жауап береміз? Мұндай жағдайдың орынына тек жазылған заң ғана емес, топтық-таныстық және басқадай жеңүшы ішкі баиланыстардың жазылмаған заңы дес бермей отыр. Бұл төңірегінде Израиль, Ресей, Балтық жағалауы елдерінің іс тәжірибесінен неге тағылым алмасқа! Оралмандардың меншік иелену, мұрагерлік құқығы айналасында да шешімін күткен проблемалар баршылық. Бұл мәселелерді «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көрсетілгендей «жер учаскелерімен ұзақ мерзімді жеңілдік несие, субсидиялар бөлу» арқылы шешуге болар еді. Ондайда біріншіден, оралмандардың азаматтық мәселесі алға тартылса, екіншіден, көпшілігінің ұсынар дүние-мүлкі жоқ. Осыған байланысты мемлекеттік Көші-қон агенттігі жанынан мемлекеттің тікелей көмегімен «Кепілдік қаржы қорын» құру мәселесін ойластырған жөн сияқты.

Сөйтіп келелі тұстарымен қатар қат-қабат ауыртпалығы мол «көш» атты бұл көрініс Қазақстанның ұлт өміріндегі ерекше құбылыс ретінде қалыптасып келеді. Ұлттың өмірінде көштің бергені де, берері де көп. Көш арқылы қазақтың этно құрылымына елеулі өзгерістер келді, қазақ халқының саны өсті, ұлттың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі, жалпы рухани өмірінің өшкені жаңғырып, үзілгені жалғанып, рухани толысуы жалғаса түсті. Көш ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы ұлт өміріндегі жаңа құбылыс болғандықтан қалдырған сабағы да жеткілікті, көштің қыры мен сыры, тарихы мен тағылымы өз алдына жеке тақырып.

Ал көштің бүгінгі уақытқа дейінгі бізге қалдырған бір үлкен сабағы оны бос ұранга айналдырмай, жалпы әлемдік ретпен тығыз үйлестірілген іс-қимыл жасау қажеттігі болып отыр. Қазақстан тек көп ұлттық қана емес, өз ұлттық өкілдері әлем елдеріне қанат жайған интерэтностік мемлекет болып табылады және ол өз ұлтының өсіп-өрбуіне бірден-бір мүдделі ел. Ұлттың мұндай күрделі тағдырын тек көші-қон төңірегінде, ұлт ауқымы шеңберінде шешу мүмкін емес. Қандай да ұлт болмасын қоғамдық құбылыс ретінде қанатын кең жая түсуге ұмтылады. Қазақстанның қанат жаюының бір үлкен мүмкіндігі шет елдердегі қазақ қауымының көлемді топтары Қазақстанмен шекаралас мекендерге орналасуы. Әлемдік саясатта ұлт тобтың бұлайша орналасуы екі турлі оңтайлы рөл атқарады.

1.  Екі ел аралық саясаттағы ықпалды фактор болып табылады.

2. Ұлттық этноортаны сақтап қалуға және рухани ықпал етуге ұтымды мүмкіндік тудырады. Мұндай жағдайда біз шетелдегі барлық қазақты көшіріп аламыз деудің орнына көшіп келемін деушілерге бөгет болмай көмек қолымызды соза отырып, қалғандарының азып-тозып кетуіне жол бермейтін қамалдардың іргесін шыңдай түсу қажет. Тарихтан белгілі болғанындай, ұлттың алынбауға тиісті үш түрлі қамалы бар. Оның бірі – ұлттық ахуал, екіншісі - ұлттық тіл, үшіншісі - ұлттың өнері мен салт-дәстүрі, Қазақстан егемендік алғалы бері атажұртқа келіп-оқып білім алушылардың саны әлдеқайда көбейді. Осындай мүмкіндіктерге жол бере отырып шет елдердегі қазақ қауымына рухани ықпал ететін жаңа бағыт қалыптастыру қажет. Әуелі, шетелдердегі қазақ арасынан ұлтына, халқына адал, көп болып қадір тұтатын, өнегелі ұстаз, ғалым, өнер қайраткері, зиялы топ, бір сөзбен айтқанда, ұлт серкелерін дайындап, оларға әржақты қолдау көрсетіп отыру қажет. Өйткені, өз ортасында мұндай зиялысы жоқ қауым ұлт жүзінде бойын тіктеп тұра алмайды. Екіншіден, шет елдердегі қазақ қауымын ұлт өмірінің әрқилы мәселелерінен үзбей хабардар етіп тұратын ақпараттық өзекті жүйе калыптастырған жөн.

Сөйтіп, өткен он жылда уылдап-шуылдап жүріп, Қазақстанға талай көш келіп, талай көш кетті. Шыны керек, бүгінгі күнде көші-қон туралы нақтылы қорытындылардан гөрі, қайсыбір топтар, жеке адамдардың бір жақты пікіріне сүйенген әңгімелер көп. Көші-қон құбылысын ұлтымыздың өсіп-өрбуінің бір серпіліс кілтіне айналдыру үшін алыпқашпа әңгімелер емес, тарихи-социологиялық, демографиялық, статистикалық ғылыми сараптау қорытындыларына сүйенген прагматикалық нық басқан қадамдар қажет.

c2b46a6244a61e9cfe43ae55852cdfa4.jpg

 Зардыхан Қинаятұлы

     Дереккөз: «Ағайын» журналы, 2001 ж.№1.

     Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қазақ көсеміне тісі батпаған Сталин қандай саяси әрекет жасады?
    Барқытбелдегі Қараша баба тойы