Қазақстанда ауылды дамыту тұжырымдамасы жасалады

Уақыты: 2022-08-02 Көрлімі: 245 Сипаттама

1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленуі тиіс. Бұл...

 220802114054391e.jpg

1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленуі тиіс. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Премьер-Министр Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұлттық жобаның көрсеткіштері мен іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Екіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлесін. Үшіншіден, облыстардың әкімдіктері ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етсін», - деді Ә. Смайылов.

Айта кетейік, елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске асырылуда.

Бұған дейін Әлихан Смайылов «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі көрсеткіштерін атады.

Фото: дереккөз

Пікір жазу
  • Алматыда бизнеске арналған жеңілдетілген несиенің талаптары өзгерді
    Қытайда жеңіс туын желбіреткен қазақ балалары

    Ұқсас тақырыптар