Коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен өсіп барады?

Уақыты: 2020-06-16 Көрлімі: 902 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша алдын алу шаралары сақта...

2020061612074070909_2020061611372798869_aktaeva.jpg

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі  Ләззат Ақтаеваның айтуынша алдын алу шаралары сақталмағандықтан Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артып барады. Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің «Министрлік хабарлайды» айдары бойынша Facebook-тегі тікелей эфиде  айтып өтті. 

«Науқастардың санының өсіп бара жатқан себебі – әлеуметтік, еңбек қатынастары бойынша, отбасылық байланыстың, қарым-қатынастың артуында жатыр. Себебі жұқтыру жағдайларының сипаты ұқсас: не еңбек ұжымдарында, не отбасының өз ішінен шығуда. Өкінішке қарай, адын алу шараларын сақтамаудың салдарын көріп отырмыз. Адамдар маска тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Сонымен бірге, өз жұмысын бастап кеткен нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим лайықты дәрежеде сақталмайды», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда стационарларда коронавирус жұқтырған 5 795 пациент бар. Оның 119-ы жан сақтау бөлімінде жатыр.


Пікір жазу
  • Коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа хаттамасы қабылданды
    «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасының шартына өзгеріс енгізілді