Гүлмира Кәукенбаев: Халықтың вакцинадан қорқуына интернеттегі дәйексіз ақпараттар себепкер

Уақыты: 2020-06-09 Көрлімі: 541 Сипаттама

Интернеттегі негізсіз, дәйексіз ақпараттар халықтың вакцинадан қорқуына, оның пайдасы бар екеніне сенбеуге шақырып отыр. Сонымен қатар әртүрлі діни көзқарастарға байланысты да кейбір ата-аналар баласына екпе жасатудан бас тартып жатады. Жалпы вакцинация -...

V7hmr5ZI.jpg

Таяуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын. Аталған құжатта екпелердің бәрін міндетті және ерікті деп екіге бөлу туралы шешім қабылданған-ды. Дәл осы міндетті екпеге қатысты қоғам арасында түсінбеушілік туындап, оған наразылық білдірушілер де шығып жатыр. Осыған орай неонатальды хирург мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер Гүлмира Кәукенбаеваны сөзге тартқан едік.

С.Асфендияров атында Қазақ ұлттық медицина университетін бітіргеннен бері Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде балалар хирургы болып еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер вакцина - ағзаның иммундық жүйесінің қауіпті инфекцияларға табиғи қарсы тұру механизмі екендігін айтады. Қазақстан Республикасында ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес салынатын моновакцина және аралас вакцина болып бөлінеді. Моновакцина туберкулез, дифтерия, тырыспа, пневмококты инфекция, В гепатиті, полиомелитке қарсы салынады. Ал аралас вакцина қызылша, қызамық, паротит, көкжөтел, В типті гемофильді инфекциялардың алдын алады.

«Вакцина өзінің құрамына байланысты ағзада қандай да бір өзгерістер, яғни реакция беруі мүмкін. Оны поствакциналдық реакция деп атайды. Ол ағзаға қауіп тудырмайды, біраз уақыттан кейін жойылады. Екпе салынғаннан кейін дене қызуы көтерілуі мүмкін. Жалпы мазасыздану, вакцина салынған жер қабынуы да ықтимал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметіне сәйкес, вакцинадан кейінгі асқыну 1 миллионға шаққанда 1 жағдайды ғана құрайды», - дейді ол.

Бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибе конференцияларында баяндама жасап, 4 ғылыми жарияланымын жарыққа шығарған Гүлмира Төлепбекқызы вакцинаға қарсы топтардың алға тартып жүрген мәліметтері ғылыми түрде вакцинаның қаупін дәлелдемегеніне баса назар аудартады.

«Интернеттегі негізсіз, дәйексіз ақпараттар халықтың вакцинадан қорқуына, оның пайдасы бар екеніне сенбеуге шақырып отыр. Сонымен қатар әртүрлі діни көзқарастарға байланысты да кейбір ата-аналар баласына екпе жасатудан бас тартып жатады. Жалпы вакцинация - мұқтаждықтан пайда болған ем. Вакцинация арқасында ғасырлар бойы қауіпті болып келген аурулардан арылып келеміз. Ол аурулардың шешек, көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сынды көптеген түрі қазіргі уақытта жойылған немесе жеңіл түрде кездеседі», - деді білікті маман.

Оның атап өтуінше, әр адамды қорғайтын, қауіп-қатерсіз әрі жағымсыз әсері жоқ мүлтіксіз вакцина болмайды.

«Олар иммундық жүйеге серпіліс берген соң, әрине, ағза жауап береді. Яғни, ол жоғарыда айтылған реакцияларды туындатады», - деді Гүлмира Кәукенбаева.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Шағын және орта бизнесті субсидиялайтын жаңа микронесиелеу бағыты іске қосылады
    МӘМС: Медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді

    Ұқсас тақырыптар