Шағын және орта бизнесті субсидиялайтын жаңа микронесиелеу бағыты іске қосылады

Уақыты: 2020-06-09 Көрлімі: 1641 Сипаттама

Қазақстанда «Бизнестің жол картасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынш...

29dc8828e8875463cf55651d912.JPG

Қазақстанда «Бизнестің жол картасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілмек, Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. 

 "Ұлттық банк бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтіліп, несиелеу рәсімдері жеңілдетіледі. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды қарастыратын жаңа «Микронесиелеу» бағыты іске қосылады. Осы шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал ететін болады. Жалпы, кешенді жоспарды жүзеге асыруға бүгінгі күні 49 заңнамалық актіге түзетулер енгізу жоспарлануда. Бұл – 11 кодекс пен 38 заң», - деді Руслан Дәленов.


Пікір жазу
  • Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды
    Гүлмира Кәукенбаев: Халықтың вакцинадан қорқуына интернеттегі дәйексіз ақпараттар себепкер