Алматыдағы Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы берілді

Уақыты: 2020-04-10 Көрлімі: 1023 Сипаттама

Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне бүгіннен ба...

1026448874.jpg

 Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне бүгіннен бастап алғашқы төлемдер беріле бастады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты. 

"500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өз төлемдерін алуда. Жалпы алғанда, 965 млн теңге көлеміндегі үстемеақыны 3557 медицина қызметкері алады. Қалалық Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлерінен  төлемдерге байланысты арыз-талаптар түскен еді. Бұл аурухананың медицина қызметкрлері, оның ішінде дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері, кіші буын медицина қызметкерлері Бірінші тәуекел тобының санатына сәйкес үстемеақы алады" , - деді басқарма басшысы. 


Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Алматыда коронавиурс инфекциясын жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркелгенін, жалпы бұл 122-ші жағдай болғанын айтты.  

Бұл  байланыста болғандар қатарындағы 1967 жылы туған әйел. Жағдайы пневмония есебінен ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағалануда. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 96 КВИ жағдайы (1 облыстық), оның ішінде төрт бала бар. 72 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Бір адамның жай-күйі өте ауыр, төртеуінде – ауыр, 19 ересек адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, - деді Әбілдаев.


Пікір жазу
  • Жебеу «Біз біргеміз» акциясы аясында 40 отбасыға көмек жасады
    Елжан Біртанов коронавирус бойынша елдегі ахуал туралы айтты