Короновирус қатері аса жоғары деңгейде деп жарияланды

Уақыты: 2020-03-02 Көрлімі: 930 Сипаттама

1 наурызға дейін короновирустың әлемнің 61 елін шарпып, 87000 кісіге жұққандығы мәлім болы...

image1170x530cropped.jpg

1 наурызға дейін короновирустың әлемнің 61 елін шарпып, 87000 кісіге жұққандығы мәлім болып отыр. Қытайда оны жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны 80026 және 2912, Италияда1694 және 34, Иранда 987 және 54, Кореяда 4212 және 18. Жағдайды пайымдаған ДДСҰ оның қатерін “аса жоғары” деңгейде деп жариялады. Көріп отырғанымыздай, бұл індет өте-мөте жылдам таралуда. Ішінара қайдан немесе неден жұқтырғаны анықталмаған фактілерді есепке алмағанда, вирус бастысы ол жоқ елдерге басқа елден немесе басқа өңірден жұқтырып келгендерден таралып отыр. Мысалы, Орта шығысқа Ираннан, біраз елдерге атышулы Diamond princess кемесінен құтқарылып келгендерден жұғып жатқандығы анықталуда. Демек, одан аулақ болудың алғашқы әдісі алдын алу мен сақтықты күшейту болып отыр. Орны толмас опыққа қалмас үшін шетелдерден келетін кісілерді қатаң бақылауды онан ары күшейтумен бірге, ел ішіндегі жүріс-тұрысты да тәртіпке келтіру керек. Мысалы, ел ішіндегі көлікке шығу алдында жүргіншілердің қызуын анықтау, көпшілік орындарда мәскі тағуды қатаң міндеттеу, керексіз жиналыстарғы тыйым салу, мұның ішінде, НАУРЫЗ мерекесін өткізуді быйылша қоя тұру, керекті медициналық бұйымдардың қолжетімдігін ретке келтіру.

 


Пікір жазу
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше елге жол жүруден бас тартуға кеңес берді
    Тоқаев: Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейді