Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды

Уақыты: 2019-11-06 Көрлімі: 164 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – ел бе...

0611-pm-zasedanie-2-material.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды, деп ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, өңірлердегі жағдай туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев баяндады. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру Елбасының 2019 жылғы 27 ақпанда «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес басталды. Жоба Елбасы Н. Назарбаевтың және Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмалары бойынша әзірленіп жатқан аудандар, қалалар мен облыстар бойынша аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламалары үшін берік негіз бола алады. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты –  ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне келтіру. Жаңа әдістеме бойынша 3477 перспективалы ауыл іріктелді, онда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85% тұрады. 2027 жылға дейін Жобаға бөлінетін қаражатты 900 млрд теңгеге дейін жоспарланған қосымша арттыруды ескерумен, ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған басқа мемлекеттік бағдарламалармен бірге қаржыландырудың жалпы көлемі 2 трлн теңгеден асады, ал жобалар саны 30 мыңнан астам. 

Премьер-Министр А. Мамин Жобаны іске асыру аясында 7 жыл ішінде ауылдардың барлық инфрақұрылымын жаңарту, 7 мың шақырымнан астам жолды және ауылішілік көшелерді салу және жөндеу тіршілікті қамтамасыз ететін инженерлік желілерді салу, сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін реконструкциялау және салу, сонымен қатар 130 мың жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 7 млн-ға жуық ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту күтіліп отырғанын атап өтті.

Үкімет басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобасын қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныстарды енгізуді, жылдар бойынша топтастырып және қажетті қаржыландыру көлемімен тірек және спутниктік ауылдық елді мекендердің тізімін қайта қарауды, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін 2020-2026 жылдарға арналған жаңартылған «Ауыл – ел бесігі» жобасын дайындауды тапсырды.

Шығындардың 70%-ы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Өңірлердің әкімдіктеріне шығындардың қалған 30%-ын бірлесіп қаржыландыру көздерін анықтау тапсырылды. Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту, қажетті құжаттаманы дайындау және әрбір тірек және спутниктік ауылдық елді мекен үшін Экономиканы дамыту жоспарларын әзірлеу қажет.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Әлихан Смайылов Шанхайда ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты
    Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады