Астана процесі: Тараптар Сириядағы оқ атуды тоқтатуға уағдаласты

Уақыты: 2019-08-02 Көрлімі: 657 Сипаттама

Сирия дағдарысы бойынша Астана процесінің 13-ші кездесуінде Сириядағы оқ атуды тоқтату...

190802202440497a3553304i.jpg

Сирия дағдарысы бойынша Астана процесінің 13-ші кездесуінде Сириядағы оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы сириялық оппозиция делегациясының жетекшісі Ахмад әл-Тоума мәлімдеді, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

 «Біз мұнда өте маңызды міндетпен - Сириядағы атылған оқты, күнделікті жасалып жатқан қылмысты тоқтату үшін келдік. Сонымен бірге, Идлибтегі бауырларымыздың бейнетін тоқтатқымыз келеді. Қарқынды келіссөздерден соң оқ атуды тоқтату бойынша келісімге қол жеткіздік. Бұл уағдаластық ғасырдың ең басты қылмысын тоқтатуды және кепіл мемлекеттер тарапынан бұл келісімді орындау міндеттемесін қарастырады», - деді Ахмад әл-Тоума елордада Астана процесінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

 Оның айтуынша, сириялық оппозиция келісім режимін сақтауды талап етеді және Сирияның бейбіт тұрғындары мен өмірлік маңызды нысандарына шабуыл жасамауға шақырды. 

«Сирияның демократиялық дәуірге ауысуына мүмкіндік беретін саяси шешімінен әділдік табу үшін Астана алаңын қолданып отырмыз. Екі күн бойы сұрақтардың басым бөлігі осы кінәмшіл мәселенің айналасында болды», - деп атап өтті ол.

 Сонымен бірге, Ахмад әл-Тоума Сирияның конституциялық комитетінің құрылуы туралы айтып берді. «

Бұл мәселе БҰҰ қамқорлығымен оңынан шешіліп келе жатыр. Жақын арада БҰҰ бұл комитеттің құрылғанын жариялайды деп үміттенемін. Конституциялық комитет Сирия жағдайын шешудегі маңызды қадам болады деп күтіп жүрміз», - деді ол.

 Айта кетейік, Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар Джафари Астана процесінің 13-кездесуінің қорытынды мәлімдемесін жоғары бағалаған болатын.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
    АСҚАР МАМИН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 90% АСТАМЫ АЯҚТАЛДЫ

    Ұқсас тақырыптар