«Қызай ана» қоғамдық қоры студенттерге бір реткі стипендияға конкурс жариялады

Уақыты: 2019-02-27 Көрлімі: 1029 Сипаттама

«Қызай ана» қоғамдық қоры Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, Отаны...

565642e6c4933df2efaf9b6b7233653e.jpg

«Қызай ана» қоғамдық қоры Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, Отанына оралған этникалық қазақ студенттерге дәстүрлі түрде жыл сайын тағайындап кележатқан бір реткі стипендия конкурсын жариялайды.   

«Қызай ана» қоғамдық қорының стипендиясына талап білдірушілер төмендегі талаптарға сай келуі керек:

1)      Отанға оралған этникалық қазақ студенттер;

2)      Оқуда озат, отбасында экономикалық қиыншылығы бар, көпбалалы отбасынан шыққан студенттер;

Жоғары оқу орындарында, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде алған студенттерге басымдылық беріледі.

Комиссияға тапсыратын құжаттар:

1)      Оқу үлгерімі көрсетілген транскрип;

2)     Жетекшісі немесе куратор-эдвайзердің ұсыныс хаты (қолы, фаультет таңбасы);

3)     Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;

4)     Жоғары оқу орындарында, республикалық, халықаралық конкурстардан алған куәліктері, сертификаттаркөшірмесі (болған жағдайда);

5)     Өзі туралы анкета толтыру

Аты-жөні
ЖОО, факультет,   мамандық, курс
Ата-анасының Келген   мемлекеті, қазіргі мекен-жайы,  жұмыс   орны, отбасы мүшелері
Оқу түрі (мемлекет   қаражаты, ақылы)
Телефон
e-mail
Қолы

Аталған құжаттардың сканерленген нұсқасын (электронды түрде) 15 наурызға дейін aduinger@gmail.com поштасына жіберіңіздер.

Қосымша сұрақтар үшін «Қызай ана» қорының директоры Базарәлі Әріпұлы (87014396267) мен Әлібек Ыдырысұлына   (Watsapp: 87714634007)  хабарласуларыңызға болады.

Конкурсқа келіп түскен өтініштерді «Қызай ана» қоғамдық қоры мен еліміздің жоғарғы оқу орындарының ұстаздарынан құралған арнайы комиссия қарап, талаптарға сай келген 20 студентке бір реттік степендия тағайындайды. Студенттерге стипндия «Қызай ана» қоғамдық қорының Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында 9- мәрте өткізетін Наруыз мерекесінде табыс етіледі.

«Қызай ана» қоғамдық қоры

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
    Дархан Кәлетаев ҚР Премьер-Министр Кеңсесіне басшы болып тағайындалды