«Қызай ана» қоры студенттерге бір реткі стипендияға конкурс жариялады

Уақыты: 2020-02-13 Көрлімі: 2619 Сипаттама

«Қызай ана» қоғамдық қоры Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына...

unnamed (1).jpg

«Қызай ана» қоғамдық қоры Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, ҚР ЖОО студенттері арасында «Білім таппай мақтанба» атты дәстүрлі түрде жыл сайын тағайындап келе жатқан бір реткі стипендия конкурсын жариялайды.   

«Қызай ана» қоғамдық қорының стипендиясына   оқуда озат, отбасында экономикалық қиыншылығы бар (көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз, мүмкіндігі шектеулі)    және шетелден келген этникалық қазақ студенттері қатыса алады.  Жоғары оқу орындарында, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде алған студенттерге басымдылық беріледі.

Комиссияға тапсыратын құжаттар:

1)      Оқу үлгерімі көрсетілген транскрип;

2)     Жетекшісі немесе куратор-эдвайзердің ұсыныс хаты (қолы, фаультет таңбасы);

3)     Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;

4)     Әлеуметтік (отбасылық) жағдайын анықтайтын құжат;

5)     Жоғары оқу орындарында, республикалық, халықаралық конкурстардан алған куәліктері, сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда);

6)     Өзі туралы анкета толтыру

Аты-жөні


ЖОО, иниститут (факультет),   мамандық, курс


Ата-анасының Келген     мемлекеті, қазіргі мекен-жайы,  жұмыс   орны, отбасы мүшелері


Оқу түрі (мемлекет     қаражаты, ақылы)


Телефон


e-mail


Қолы

Аталған құжаттардың сканерленген нұсқасын (электронды түрде) 10 наурызға дейін Qyzaiana@gmail.com поштасына жіберіңіздер.

Қосымша сұрақтар үшін «Қызай ана» қорының директоры Базарәлі Әріпұлы (87014396267) хабарласуларыңызға болады.

Конкурсқа келіп түскен өтініштерді «Қызай ана» қоғамдық қоры мен еліміздің жоғарғы оқу орындарының ұстаздарынан құралған арнайы комиссия қарап, талаптарға сай келген 20 студентке бір реттік стипендия тағайындайды. Студенттерді марапаттау «Қызай ана» қоғамдық қорының 10 жылдығына орай  Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында өтетін Наруыз мерекесінде өтеді.

«Қызай ана» қоғамдық қоры

 

 


Пікір жазу
  • "Маэстро Жанатай Шарденов / Батан Шаттық. Ұрпақтар сабақтастығы" атты сурет көрмесі өтеді
    Тоқаев: Менің мақсатым – экономиканың өсімі