Сегіз серінің 200 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

admin2 2018-07-11 0 ℃ Қысқаша

2018 жылдың 13-15 шілде күндері, Петропавл қаласында, Сегіз сері Бахрамұлының 200 жылдығына...

Futbol-002-800x480.png

2018 жылдың 13-15 шілде күндері,  Петропавл қаласында, Сегіз сері Бахрамұлының 200 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің ұйымдастыруында, дүниежүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP-2018» турнирі өтеді. 

Шараның басты мақсаты – әлем қазақ жастарының басын қосу, олардың арасындағы түсінікті арттырып, атамекен – Қазақстанға деген сүйіспеншілігін тереңдету. 

Кезекті турнирге Франция, Германия, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Иран, Өзбекстан және Қырғызстандағы этникалық қазақ жастарынан құралған командалар мен Қазақстанның әр облысынан келген шағын футбол командалары қатысады. 

Жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. 1-ші орынға "ER JANIBEK CUP" кубокі және 1 млн. теңге, 2-ші орынға 500 мың теңге, 3-ші орынға 300 мың, 4-ші орынға 200 мың теңге көлемінде жүлде тағайындалған.

 «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлемнің әр түкпіріндегі қазақ жастарын Петропавл қаласында өтетін «ER JANIBEK CUP-2018» турниріне шақырады. Сонымен бірге, барлық қазақ тілді БАҚ өкілдерін әлемдегі қазақ жастарының басын қосатын игілікті шараға ақпараттық қолдау көрсетуін сұрайды. 


Дереккөз: “The Qazaq Times”

Jebeu.kz

Дәурен Қуат "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды
Кері қайту