Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қандастарды дайындық курсқа шақырады

Уақыты: 2018-07-25 Көрлімі: 3392 Сипаттама

Қыркүйек айынан басталатын 1 жылдық дайындық курста оқығысы келетін талапкерлерді Пет...

25_main.jpg

Қыркүйек айынан басталатын 1 жылдық дайындық курста оқығысы келетін  талапкерлерді Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне  шақырамыз.

Келем деушілер 10 шілдеден бастап тізімделуіне болады. Ұлты қазақ шетел азаматтарын қабылдаймыз және Қазақстан азаматтығы болса да келіп бір жыл дайындалып жоғары оқу орнына емтихан тапсыруға болады.

Университет жатақханасында тұру тегін, тұрмыстық қаражат айына мемлекет тарапынан біртұтас төленеді.

Сонымен қатар, азаматтардың ҚР азаматтығын алуына, ықтиярхат алуына көмектесеміз. Солтүстік Қазақстанда ешқандай делдалсыз ықтиярхат пен ҚР азаматтығын жеке-жеке көп болғанда 2 жарым айда бітіп, қолына ала алады.

Ерекше ескерте кететін бір мүмкіндік: Егер шетелден келген азаматтарымызда Қазақстан азаматтығы болса, қыркүйек айыннан келіп дайындық тобында бір жыл оқып, 50 баллмен (140 баллдан 50 балл жинаса жеткілікті) автоматты түрде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне грантқа түсе алады.

Оқимын деген жастарға мүмкіндік көп, келіңіздер қолымыздан келгенше көмектесеміз.

Қосымша ақпаратты телефон нөмірімізге хабарласып білуге болады.

Құрманғазы Құрмашұлы

тел: 87013131871;

        87472357475.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Сегіз серінің 200 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді
    Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл