Қытай Консулдығымен кездесу өтеді

admin2 2018-04-29 375 ℃ Қысқаша

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 11 наурыз күні Алматыда ҚХР-ның бас консулды...

20161216133559.jpg

 

Қытай Консулдығымен кездесу өтеді

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 11 наурыз күні Алматыда ҚХР-ның бас консулдығымен кездесу өткізіп, Шынжаңдағы қазақтар мәселесін жеткізген. 20 Наурыз күні Жебеудің мүшелері Астана қаласында ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжаң Ханьхуэймен кездесіп, ШҰАР-да қалыптасқан жағдай бойынша ашық пікір алмасу өткізген. Осы екі кездесуден кейін ҚХР Елшілігі Шынжаңға арнайы қызмет группасын жіберген болатын. 5-11 сәуір аралығында Қытай Елшілгінің қызмет группасы Шынжаңға барып қайтып, осы сияқты дипломатиялық жұмыстардың нәтижесінде 9 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

 Екі реткі кездесуде Қытай елшілігі мен Консулдығы Қытайдағы қазақтар мәселесін бұдан кейін де үлкен кездесулер өткізіп талқылап, мәселенің шешілуіне атсалысып, өздеріның қолдарынан бұл мәселелерді шешу толық келмегенмен азаматтардың арыз-шағымын Шынжаң билігіне жеткізетіндігін айтқан. Осы мақсатта 3 мамыр күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде ҚХР-ның Алматыдағы бас консулдығы «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігімен Қытайдағы қазақтар мәселесін талқылауға кездесу өткізбекші болған. Кездесуге Жебеудің кеңес мүшелері мен Қытайда бауыр-туыстары қазіргі саяси жағдайға байланысты қысымға ұшыраған, туыстары саяси үйренуге кірген, жақындары Қытайға барып елге қайта алмай екіге бөлінген отбасы мүшелері сияқты Шынжаңдағы болып жатқан мәселелерге байланысты түрлі зардап шегуші азаматтар қатысып, арыз-шағымын Қытай Консулдығы қабылдап, жан-жақты талқы жүргізбек болған.

Осы кездесу туралы әлеуметтік желіде Табысбек атты азаматтың Қытайда туыстары қиындық көрген бауырларды шақырған хабарламасы тарады. Осыған байланысты көптен бері Қытайдағы қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Білаш атты азамат бұл хабарламаны арандатуға балап, осы кездесуді әлде біреулер теріс мақсатта пайдаланып, қандастарымызды арандатып кете ме деген алаңдаушылығын білдіріп, қандастарды кездесуге бармауға шақырған аудиосы тарады. Осы аудио бір адамдар арқылы Қытай Консулдығына жеткен екен. Оны естіген Қытай елшілігі де алаңдаушылық танытып, жоспарларын өзгертуде. Ияғни, 3 мамыр күнігі кездесуді «Қазақстан» қонақ үйінде емес, Қытай Консулдығының өзінде өткізетін болыпты.

Қытай елшілігі осы реткі кездесуді жабық түрде өтуін, Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық мәселелер болғандықтан бұл кездесудің ашық баспасөзде жарияланбауын қалап, осы кездесу сәтті өтсе, нәтижелері болса бұдан да зор көлемді кездесулерді ашық, баспасөз өкілдерін де шақырып өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Басында кездесуге Шынжаңдағы жағдай бойынша арыз-шағымы бар 50  адамды қабылдамақшы боған, жоғарыдағы жағдайларға байланысты кездесуді Қытай Консулдығының өзінде өткізетін болғандықтан адам санын да 30-ға түсіріп отыр. Қазірге дейін кездесуге баруға тіркелген адам саны 30-ға жетіп қалды. Қалған азаматтардың өтініш-арыздары болса, «Жебеу» Респуликалық қоғамдық бірлестігіне тапсыруына болады. Жебеу арыз-шағымдарыңызды Қытай консулдығына кіргізеді әрі келесі кездесуге қатыса аласыздар.

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі

Jebeu.kz

 



ҚР Суретшілер одағының құрылтайы өтті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы