Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Уақыты: 2018-05-01 Көрлімі: 25 Сипаттама

Құрметті отандастар!Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүрект...

_единства1, 1.05.15-sm.jpg

Құрметті отандастар!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық.

Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.

Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.

Мемлекет өмірінің барлық саласындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!

Дереккөз: "Ақ Орда"

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Қытай Консулдығымен кездесу өтеді
Түркі әлемінің 100 жаңа есімі анықталды