ҚазҰУ-де ҚХР-ның Қазақстандағы бас консулы Чжан Вэй мырзамен кездесу өтті

Уақыты: 2018-03-19 Көрлімі: 88 Сипаттама

2018 жылдың 14 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ҚХР Қазақстанд...


IMG_0145.JPG

2018 жылдың 14 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ҚХР-ның Қазақстандағы бас консулы Чжан Вэй мырзаның дәрістік сағаты өткізілді.

Аталмыш шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Бүркітбаев М.М, Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы., Конфуций институтының директоры Асылбеков Р., сонымен қатар оқытушылар, магистранттар және студенттер қатысты. ҚХР бас консулы “Қазақстан және ҚХР қарым-қатынастарының жаңа кезеңі” атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама барысында бүгінгі таңда өте өзекті болып табылатын мәселелер қозғалды, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық әріптестікке негізделген жаңа кезеңі жөнінде мәліметтер келтірілді. Баяндама соңы Чжан Вэй мырза мен дәріске қатысушылар арасындағы ашық дискуссияға ұласты. Магистранттар мен студенттер өздерін толғандыратын сауалдарға жауап ала алды. Дәріс өзінің жоғары ғылымилығымен, ішкі мазмұнының тереңдігімен, ақпараттылығымен ерекшеленді. Сонымен қатар, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар ынтымақтастыққа негізделген тату көршілік қарым-қатынас екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізуге мүмкіндік берді. Өз тарапымыздан осындай мәнді консулдық сағатты ұйымдастырушы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Халықаралық қатынастар факультеті және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңындағы Конфуций институтына үлкен алғысымызды білдіреміз.

IMG_0136.JPG

IMG_0155.JPG

IMG_0149.JPG

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Шарипқазы Н.,

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 1-курс магистранты Сартова А. Е.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Жебеудің екі кездесуі