Елбасы мақаласы Шығыстану факультетінде талқыланды.

Уақыты: 2018-11-27 Көрлімі: 787 Сипаттама

Қараша айының 24 жұлдызында, шығыстану факультетінің №2 лекция залында, факультет ұжымы...

b5378334d51151e1de5e2e85bf111e6e.jpg

Қараша айының 24 жұлдызында, шығыстану факультетінің №2 лекция залында, факультет ұжымы мен студенттері Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен маңызы турасында өзара талқылап, пікір алмасты.

Жиналысты ашқан шығыстану факультетінің деканы, Ықтияр Молдатөреұлы, Елбасы мақаласында айтылған негізгі тақырыптарға шолу жасап, мақаланың негізгі мазмұнын көпшілікке қысқаша таныстырып шықты.

IMG_20181124_115238.jpg

Екінші болып сөз алған Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы осы жиналысқа негізгі баяндаманы жасап, Елбасы мақаласының ішкі мазмұны мен оның бастау көздері және болашақта Қазақ мемлекетінің дамуы мен жаңа ұрпаққа беретін жемісі жайлы, ғылыми тұрғыдан талдау жасалған терең ой-толғамдарын ортаға салды. Сондай-ақ Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы қазір және болашақта осы ғылыми мақаланың орындалу барысында қандай жұмыстар атқарылатынын, оған біздің факультет не істей алатыны туралы өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, ғалым ретіндегі құнды пікір-көзқарастарымен толықтырып, барлық шығыстану факультетінің ұжымы мен студенттерін осы игілікті шаруаның  іске асуына, бірлікте ат салысуға шақырды.

Жиналыстың екінші бөлігінде белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Бозтаевтың «Ұлы түркі империясының тарихы» атты 3 бөлімнен тұратын деректі фильмін тамашаладық. Фильм аяқталғанда көпшіліктің саналарында ерекше серпілістер мен ойларында толқыныстар орын алып, қатты әсерленді. Әсіресе, өздерінің бабалары түркі халықтарының сонау ежелгі ғасырларынан бастап қазірге дейінгі адамзат мәдениеті мен өркениетінің негізін салушы, құрушы және оны дамытып қалыптастырған жер бетіндегі Ұлы Халық екенін көріп таң қалды. Сонау Тынық мұхиттан бастап, Шығыс Азия, Орта Азия, Таяу Шығыс, Еуропа, Африканы қамтып жатқан 3 құрлықта өмір сүрген ұлыстар мен халықтардың барлығының өмір тарихында кешегі көк түркі ұрпақтарының ақыл-парасаты, қан мен тері, ерлік істері мен жасампаз-дарынның зор үлесі барлығын тереңінен түсінді.

Capture.JPG

Елбасы мақаласын оқып, «Ұлы түркі империясының тарихы» атты деректі фильмін көргеннен кейін, кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатып қана қоймай, кешегі түрік империясы мен түркі халықтарының заңды мұрагері саналатын қазақ халқы мен Қазақстан сияқты киелі жерде бабаларымыздың орындалмай қалған арман-мұратын әрмен жалғап, іске асыруға іштей бел буып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқастық.

 

Шығыстану факультеті,

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Нұртәліп Шәріпқазыұлы

Қытайтану кафедрасының 1 курс студенті Шәкен Перизат

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • АЛМАТЫДА «ЭТНО FASHION - ДАЛА ДИДАРЫ» АТТЫ СӘН КЕШІ ӨТТІ
    Назарбаев: Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз