Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкіметі

Уақыты: 2023-02-15 Көрлімі: 666 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Т...

Снимок.JPG

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, депҮкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.

Фото: ҚазАқпарат

Пікір жазу
  • Киіз үй зілзала аймағына жетті
    Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға тағы да көмек жіберді

    Ұқсас тақырыптар