Қоғамдық комиссия отырысында қандастарды қолдау мәселесі талқыланды

Уақыты: 2020-03-13 Көрлімі: 705 Сипаттама

2020 жылдың 12 наурызында «Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отыры...

й.jpg

2020 жылдың 12 наурызында «Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шара аясында репатриацияны ынталандыру шаралары, шетелдердегі этникалық қазақтарды оқулықтармен, көркем және басқа да әдебиетпен қамтамасыз етудегі келеңсіз жағдайлар, Ақмола облысының Нұрлы көш (Красный Яр) және Шығыс Қазақстан облысының Шығыс ауылдарындағы шетелден көшіп келген қандастарымызға арналған үй-жай мәселелері талқыланды.

Қабылданған шешімдер ҚР Үкіметі жанынындағы Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады.

Комиссия отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері, Ақпарат және қоғамдық даму, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлігі, облыс пен қала әкімшіліктерінің жауапты басшылары және т.б. қатысты.

 

Дереккөз: "Отандастар" қорының баспасөз қызметі

Пікір жазу
  • Қазақ көшіне 152 жыл қажет
    Халық санын қандастар көшінің есебінен көбейте аламыз ба?

    Ұқсас тақырыптар