Бізге өзгенің ақпараттық соғысы керек емес - Мемлекет басшысы

Уақыты: 2023-04-27 Көрлімі: 829 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отыры...

Снимок.JPG

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында елдің ішкі тұтастығы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты құзырлы органдардың назарында болатынын еске салды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы бір бауырлас азаматтармыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент этносаралық және тіл мәселесіндегі арандату әрекеттеріне заңмен қатаң тыйым салынғанын еске салды.

«Этносаралық, тілдік және әлеуметтік сипаттағы кез келген арандату әрекетінің жолы заң аясында қатаң кесіледі. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше назарда ұстап, заң бойынша әрекет етеді. Әр азамат өз сөзі мен әрекетіне жауапкершілік сезінуі керек. Эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке бой алдыруға болмайды. Бөтен ақпараттық соғыстар мен идеологиялық даулар бізге қажет емес», - деді Президент.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.


Пікір жазу
  • Президенттің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзі
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар