СОНДА ҒАНА ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН БОЛАДЫ

Уақыты: 2022-11-07 Көрлімі: 431 Сипаттама

Мемлекетте әділ заң үстемдік етсе,Құлқыны құдықтай жемқорлардың жолын кессе.Азаматта...


312560852_1142008379738715_4972329763460954757_n.jpg 

Мемлекетте әділ заң үстемдік етсе,

Құлқыны құдықтай жемқорлардың жолын кессе.

Азаматтардың құқығы теңдей қорғалса ,

Әр саланың тізгінін ұяты барлар қолға алса.

Жоғарының көмегі төменге  жеткенше тоналмаса,

Қара халықтың талабы ақ ордаға жетпей жоғалмаса.

Президенттің пәрмені күшті болса,

Жемеңқорлар шетінен сотталып істі болса.

Сонда ғана Әділетті Қазақстан болады!

 

 Ауылдың халқы үдіре көшпесе,

Таза су ішіп, жарығы өшпесе.

Жолдары түзу тақтайдай болса,

Еңбегі қызу бақ қайнар болса.

Жайлы мектепте білім берілсе,

Еңбек адамының құны көрінсе.

Бала бақша мен емхана болса,

Осыларды орындайтындарда өр сана болса.

Сонда ғана Әділетті Қазақстан болады!

Президенттің тіке туыстары билікке келіп алмаса,

Елдің бар байлығын 160 адам бөліп алмаса.

Үкімет еститін сақ құлақ болса,

Халықтың жағдайы бүгінгіден жақсырақ болса.

Парламенттің ықпалы артып тұрса,

 Сайлаушыларына бүйректері бұрылып, тартып тұрса.

Соттарымыздың шешімі әділ болса,

Қазақстандықтар бір-біріне бауыр болса.

Сонда ғана Әділетті Қазақстан болады.

 

Әр баланың шотына теңге құйылса,

Шетелде қалған қазақтар елге жиылса.

Ұлттық табыстың пайдасы ұлтқа берілсе,

Ұлы халық екеніміз сыртқа көрінсе.

Әр адам әділдікті өзінен бастаса,

Жазықсыз бір-біріне жала жаппаса.

Халқымыз берекелі, сауатты болса,

Ұрпағымыз ұжданды, талапты болса.

Сонда ғана Әділетті Қазақстан болады!

 

 

Қасым-Жомарт Кемелұлы тың жорық бастады,

Елді әділеттікке жеткізу сөзінің астары.

Жалғыз адамға күресу оңай болмайды,

Бізге күнде осындай орай болмайды.

Сондықтан ел болып қолдайтын болсақ,

Жат ниеттілерден қорғайтын болсақ.

Қоғамның дертін бірге емдесек,

Қиналған жұртты мүлде көрмесек.

Айналаны емес алысты көрсек,

20 қараша дауысты берсек.

Адал еңбегіміз жемісті болса,

Жеті жыл бізге жеңісті болса.

Сонда ғана Әділетті Қазақстан орнайды!

                                                   Әбдіғани Бәзілханұлы

                                   «AMANAT» партиясы Астана қалалық 

филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты.

05 қараша 2022 жыл

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Тәуелсіздікті баянды ету - басты мұратымыз
    Ұлттық тағамдарымызды ұлттық брендке айналдыратын кез келді

    Ұқсас тақырыптар