Тоқаев: Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде

Уақыты: 2021-02-05 Көрлімі: 1138 Сипаттама

Алматыда «Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» атты халықаралық...

Снимок.JPG

Алматыда «Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» атты халықаралық форумы басталды.  Мемелкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумға қатысушыларға видео үндеу жариялады. 

«Сіздерді біздің еліміз үшін аса маңызды шарада көргеніме қуаныштымын. Мәртебелі қонақтардың арасында жеті елдің үкімет басшылары, ТМД Еуразиялық экономикалық комиссиясы атқару комитетінің жетекшілері бар. Бұл форумның маңыздылығын арттыра түседі. Бізде мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электронды форматта көрсетіледі. Дағдарыс кезінде 6,5 млн адам мемлекеттің қолдауына ие болды. Білім беретін мекемелердің барлығы қашықтан оқу үрдісіне көшті. Елімізде 15 млн-нан астам адам интернетті қолданады. Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде екенін жақсы түсінеміз. Бұл салада бәсекелестік өте жоғары. Сарапшылардың пікірінше 2021 жылы техникалық және технологиялық нарық және бағдарламалық шешімдер жасанды интеллектіге бағатталады. Сымсыз ғаламтор мен сандық жүйелердің үлесі 35 пайызға артып, 12 млрд АҚШ долларына жетеді. 2025 жылға қарай 5G технологиясы кәсіпорындарға өздерінің мәліметтерін 70 пайызға дейін өндеуге мүмкіндік береді. Қазақстан жасанды интелектіні дамытудың жолын белгілеп алды»,- деді Тоқаев.

Үндеуінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында жаңа технологиялар және жасанды интеллект саласында оқушылар мен студенттер үшін жоба жасауды ұсынды.

«Жаңа технологиялар мен жасанды интелект саласында оқушылар мен студенттер үшін мемлекетаралық білім беру бастамаларын жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Қазақстан Одаққа төрағалығының басымдығы ретінде жаппай цифрландыру мен мәліметтер алмасуды жолға қоюды айқындап отыр. Біз аталған күнтәртіпті белсенді ілгерілетуге ниеттіміз және барлық қатысушы елдердің өнімді ынтымақтастығына үміт артамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форумның күн тәртібінде өңірлік және және жаһандық деңгейдегі цифрландыру саласы, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мен перспективаларын талқылайды.


Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс
    «Ең бірінші бақытым...»

    Ұқсас тақырыптар