Ерлан Карин: Бұл өзгерістерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасаған еді

Уақыты: 2020-05-21 Көрлімі: 250 Сипаттама

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Сенат қабылдаған саяси партиялар мен сайлау ту...

2020031522255753444_5d2f11bd67d76892850015_large.jpg

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Сенат қабылдаған саяси партиялар мен сайлау туралы заңға фейзбуктегі парақшасында пікір білдірді. 

"Бүгін Сенат саяси партиялар және сайлау туралы заңға түзетулерді қабылдады. Оған сәйкес, саяси партияларды тіркеу барысындағы кедергілер 2 есе қысқарады және партиялық сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыз міндетті квота енгізіледі.

Бұл өзгерістерге 2019 жылы желтоқсанда өткен Ұлттық кеңестің 2-отырысындағы саяси реформалар топтамасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасаған еді. Міне, бүгін осынау жаңа нормаларды сенаторлар мақұлдады. 

Аталған нормалар маңызды саяси жаңашылдық саналады. Мәселен, мәслихаттардағы 3 335 орынның тек 740-ында ғана әйелдер мандатқа ие болған. Ал 29 жасқа толмаған жас депутаттардың саны - небәрі 53 қана. Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, оның 44-і аудандық мәслихатта болса, облыстық мәслихаттарда мүлдем жоқ десек те болады. Сондықтан бұл нормалар әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне барынша кеңінен әрі белсенді тартуға септігін тигізеді",- деп жазды ол. 

Пікір жазу
  • Айжан Есмағамбетова: Көпшілік коронавирустың қаупін жете бағаламай отыр
    Балаева: Қарапайым азаматтардың үндеуін назардан тыс қалдыруға болмайды