Назарбаев: Ядролық қарудан өз еркімен бас тарқан елге қауіпсіздік кепілі берілуі тиіс

Уақыты: 2019-08-29 Көрлімі: 973 Сипаттама

Ядролық қарудан өз еркімен бас тарқан мемлекетке ядролық державалар қауіпсіздік кепіл...

9561122aae2390584656735238c1ce56.jpg

Ядролық қарудан өз еркімен бас тарқан мемлекетке ядролық державалар қауіпсіздік кепілін беруі тиіс. Бұл туралы бүгін «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

Ядролық қару негізінде стратегиялық тұрақтылықтың көнерген тұжырымдамасын қайта қарау қажет. Ядролық қарулануды бақылаудың жаңа жүйесін қалыптастыру да керек. Қорытындысында ядролық қарулануды қысқарту бойынша жалпы қамтымды шартты әзірлеу бойынша келіссөздерге шығу маңызды. Қауіпсіздік кепілі өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан, сонымен қатар ядросыз мәртебесі бар мемлекеттерге берілуі тиіс», – деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев әлем қауымдастығын Қазақстанның бейбітшілік тәжірибесін бүкіл әлемге пайдалануға шақырды.

«Қазақстан бейбітсүйгіштік индексі бойынша әлемнің 163 мемлекетінің ішінде 64-орын иеленді. ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр. Сондай-ақ, ядролық қарудан азат ел болуға деген ұмтылыс қазақстандықтардың жалпыұлттық сана-сезімінде маңызды компонентке айналды. Құрметті, достар, 1991 жылы мен таңдаған тарихи шешім жас мемлекеттің күш-қуаты ядролық тегеурінге байланбайтынын көрсетті. Біз өзіміздің нақты мысалымызбен ілгерілеу мен гүлденуге бейбіт жолмен де жылжуға болатынын дәлелдеді», - деді ол7



Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Абаев: Жала жапқан ақпаратты БАҚ-та жариялағаны үшін жазаны қатаңдату қажет
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы