Елбасы: Қазақстан халқы әлемдік сарапшылардың деструктивті болжамдарын жоққа шығарды

Уақыты: 2019-04-29 Көрлімі: 834 Сипаттама

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Елбасы, ҚХА Тө...

5bf4e8a7d61baa4f099a81edf3f006d7.jpg

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында  Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан халқы бірлігінің арқасында 30 жыл бұрынғы халықаралық сарапшылардың деструктивті болжамдарының бәрін жоққа шығарғанын айтып өтті.

«30 жыл бұрын ғана халықаралық сарапшылар Орталық Азия, біздің Қазақстан да - жаңа қақтығыс ошақтарына айналатынын болжаған еді. Олар біздің өңірде қантөгістер мен күрестер жүріп жатады деп ойлады. Олар этно және діни сенім бойынша өзгешелікті алға тартты. Өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ әрі тарих табанында қалады деп сенімді түрде болжам жасады. Бірақ, тәуелсіздік жылдары біз - Қазақстан халқы бұл деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығардық. Біз бірліктің, ішкі саясаттағы прагматикалық бағыттың арқасында тарихтың барлық қақпанын айналып өттік, халықаралық жоғары дәрежеге ие болдық. Ішкі саяси істерді құрып жатқан біздің модель, біздің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас уақыттың өзімен сыналып, бүгінгі таңда басқаларға үлгі болып келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдегі тұрақты құндылық қоғамның бірлігін екенін айтты. 

«Жаһандық әлем көз алдымызда үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Мүлдем жаңа тарихи кезеңде өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Технология, қоғам өмірі танымастай өзгерді, көп нәрсені үйреніп жатырмыз, үйренгеніміз де жоқ емес. Бірақ бұл әлемде бір тұрақты құндылық бар ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім. Осы маңызды фактор біздің бәсекеге қабілеттілігімізді анықтайды», - деді Елбасы.



Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев: Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы
    «Бір белдеу, бір жол» жобасы және «Достық» ордені мен қандастар мәселесі