Елбасы: Тәуелсіздігімізді, көк байрағымызды қорғай алмасақ, істеген шаруаның барлығы бекер

Уақыты: 2018-11-30 Көрлімі: 1397 Сипаттама

Тәуелсіздігімізді қорғай алмасақ істеген шаруаның барлығы бекер. Бұл туралы бүгін «Жа...

1f2b8a877ad0716814b30dc70e029cc7_crop_l_11_t_0_w_1687_h_949_resize_w_520_h_.JPEG

Тәуелсіздігімізді қорғай алмасақ істеген шаруаның барлығы бекер. Бұл туралы бүгін «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездескен Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлаймыз. 

«Құрметті жас достар, ертең - Қазақстан ел болып өзінің тұңғыш президентін сайлаған күн. Бұл күнді біздің Парламент мереке күні деп тағайындады. Мәселе біреудің аты-жөнінде, фамилиясында емес. Сол күні президент болып мен сайландым. Бірақ, бұл қазақ қазақ болғалы, ел болғалы өз тарихында тұңғыш рет тек өз ойы, пікірімен президентін сайлаған ең тұңғыш қуанышты күн болатын. Соның қарсаңында кездесіп отырмыз. Жақындағы бүкіл халыққа айтқан Жолдауымның ішінде патриоттық тәрбие деген мәселе бар. Барлық істеліп жатқан шаруа, 27 жыл ішінде тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекетімізді дүние жүзіне паш ету отанды қорғауға бағытталған. Егер де тәуелсіздігімізді, дүние жүзіне белгілі болған бүгінгі Қазақстанымызды, көк байрағымызды қорғай алмасақ, істеген шаруаның барлығы бекер болады», - деді Назарбаев.

Елбасы бүгін «Жас сарбаз» ұйымдарының өзінің жалауын алғанына куә болғанын айтты.

«Әскери адам үшін, әскери бөлімшелер үшін ту деген, жалау деген ол әр уақытта батырлықтың, отансүйгіштіктің белгісі болып саналатын. Бұл туды жоғары ұстау, бұл туды қисайтпау – барлығымыздың парызымыз. Біз Отанымызды қорғай алмасақ, шекарамыздың шебінде тұра алмасақ, еліміз өсіп-өркендемейді. Істеп жатқан шаруаның барлығы жастар үшін, болашақ үшін, сендердің өмірлерің бізден де жақсы болуы үшін. Біздің Қазақстанымыз болашақта бұдан да жоғары болсын, бұдан да бай болсын деп істеп жатқан шаруамыз мол», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгінгі кездесуде жас сарбаздар Назарбаевқа «Жас сарбаздың» құрметті төрағасы» куәлігі, төсбелгісі мен арнайы киімінтабыстаған болатын.


Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.


Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты
    «ҚАНДАСТАР» МА, ӘЛДЕ «АҒАЙЫНДАР» МА?