Елорда көшелерінің біріне Жошы ханның атын беру және ескерткіш орнату мәселелері қарастырылады

Уақыты: 2019-10-23 Көрлімі: 551 Сипаттама

Таяуда Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Үкімет басшысы Асқар Маминге Алтын Орданың 750...

2b43fca26fe3c58923394973d17761f6.jpg

Таяуда Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Үкімет басшысы Асқар Маминге Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге және оған дайындалуға қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Осыған орай, яғни депутаттық сауалға Үкімет басшысы жауап берді.

Алтын Орданың 750 жыл­ды­ғын атап өтуге және оған да­йын­далуға қатысты сіздің де­путат­тық сауалыңызды қарас­тырып, келесіні хабарлаймын.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жос­парының жобасын әзірледі. Онда археологиялық, реста­врациялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, «Алтын Орда» экспедициясын өткізуді қарас­тыратын бірқатар іс-шара­лар жоспарланған.

Сіздің ұсыныстарыңыз атал­ған жоспар жобасында өз көрі­нісін тауып, бүгіннен бастап олар бойынша жұмыс басталды.

Бірінші. Жақын арада өте­тін Нұр-Сұлтан қалалық ономасти­калық комиссиясының отырысында елорда көшелерінің біріне Жошы ханның атын беру және ескерткіш орнату мәселелері қарастырылады.

Екінші. Қарағанды облы­сы­ның әкімдігі 2020 жылы Қара­ғанды қаласында Жошы хан­ға ескерткіш орнатуды ұсы­нып отыр. Сонымен қатар Ұлытау ауда­нында Жошы ханға ес­керткіш орнату мәселесін қарас­тыратын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Үкіметінің 2019 жыл­­ғы 31 мамырдағы №360 қау­­лысымен бекітілген Қазақ­стан Рес­публикасының турис­тік са­л­асын дамытудың 2019-2025 жыл­дарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасында Қазақ­станның өңірлік деңгейдегі туристік картасының (ТОП-50) объектілерінің тізімі көздел­ген. Аталған тізімде «Ұлытау» тарихи-мәдени кешені белгіленген, онда жылына шамамен 10 000 адамды қабылдай алатын көрнекі орындар, туристік бағыттар мен музей бойынша экскурсиялар туралы ақпаратты қамтитын туристік қызметтер ұсынылатын болады. Кешенге Алтын Орда кезеңіне жататын Жошы хан, Алаша хан және Домбауыл кесенелері кіреді.

Үшінші. Мәдениет және спорт министрлігі ғылыми-рес­тав­­рациялау жұмыстарын жүр­гізу және Жошы хан мен Алаша хан кесенесінің аума­ғын абаттандыру мәселесін пысықтауда.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігі Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп 2020-2022 жылдары қосымша бірқатар археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.

Төртінші. Ұлытау өңірінің туристік әлеуетін дамыту үшін алдағы жылы «Алтын Орда» экспедициясын өткізу, Ұлытау өңірінде республикалық маңызы бар Алаша хан, Жошы хан, тарихи және мәдени ескерткіштерінің аумағында визит-орталығы мен этноауыл құру жоспарлану­да. Туристік маршруттар мен соқпақтар әзірленіп, кемпингтік тұрақ­тар, туристерге баратын жерлерде санитарлық-гигиена­лық тораптар орнатылады.

Қарағанды облысының әкім­дігі Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Арқа­лық қалалары мен Ұлытау ауданы орталығы арасындағы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Алматы – Жезқазған, Шымкент – Жезқазған бағыттары бойынша әуерейстерді іске қосу мәселесі пысықталуда.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Ұлытау өңірінің тарихы мен мәдениеті кесенелерін ЮНЕСКО-ның дү­ние­жүзілік мұрасының тізіміне енгізу мәселесін пысықтауда.

Баяндалғанның негізінде Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту мәселесі Үкіметтің ерек­­ше бақылауында, делінген Пре­мьер-Министрдің жауап хатында.

 

Дайындаған

Жолдыбай БАЗАР,

Дереккөз: «Egemen Qazaqstan»



Пікір жазу
  • Халқымыздың өткен өміріне терең бойлап қайтқан күн
    Гималайдан асқан көштің куәгері – Ғайни апаның әңгімесі