Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника жарысында жоғары марапатқа ие болды

Уақыты: 2023-03-14 Көрлімі: 298 Сипаттама

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы №81 мамандандырылған мектеп оқушылары іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды....

Снимок.JPG

Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына қазақстандық оқушылары қатысты, деп  Оқу министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы №81 мамандандырылған мектеп оқушылары іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды.

- Finalist Alliance Captain Award - финалдық матчтар барысында Альянсты басқарғаны үшін арнайы марапат;

- Innovate award - Робот жасаудағы инновациялық тәсіл үшін ең жоғары инженерлік марапат;

- Rookie Inspiration - жаңадан келген командаға берілетін ең жоғары марапат.

«Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады», – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.

Айта кетейік, FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына 5 елден 70 команда жиналды. Қазақстан, Үндістан, Израиль, Ресей және Румыния мемлекеттерінің оқушылары өзара мықтыны анықтады.


Пікір жазу
  • Қазақстан студенттері Amazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды
    Мемлекеттік басқару академиясында 2023 жылға қабылдау басталды

    Ұқсас тақырыптар