Жетісудағы 7 жыл: Баталов қандай әкім болды?

Уақыты: 2021-11-25 Көрлімі: 431 Сипаттама

24 қарашада Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Экс-әкімнің со...


24 қарашада Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Экс-әкімнің соңғы 2020-2021 жылдардағы ауыз толтырып айтуға болатын жұмыстарын Егемен Қазақстанға сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз. 

Амандық Баталовтың Алматы облысының әкімі болып тұрған кезінде:

  • 2014 жылы облыста сүт өндіру небары 14-15 па­йыз шамасында болса, қазір оның көлемі 30 пайызға жеткен.

  • Биылғы 10 айдың ішінде қуаты 1,2 млн тонналық, инвестиция көлемі 47 млрд теңге болатын «Алацем» цемент зауыты іске қосылған.

  • Сондай-ақ жылына 100 млн литрге дейін алкогольсіз сусындар шығаратын Pure Pack зауыты жұмысқа кірісті.

  • Об­лыста ауыл шаруа­шы­лы­­­ғы да­қылдарының алқабы 972 мың гек­­тарға жеткен.

  • Соңғы үш жылда ай­мақта 39 мың гектар суармалы жер қайта айналымға қосылған.

  • Биыл 14 мың гектарды қал­пына келтіру үшін ирригациялық құрылыстарға 6,3 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.

  • Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілері қайта жаңартылып жатыр.

  • Өңірде агроөнеркәсіп кеше­ніндегі таза табыс – 97 млн долларға жетіп, жалпы агроөнеркәсіп кешені экспорты­ның 73 пайызын құрады.

  • Жетісу өңірінде өткен жылмен салыстырғанда мал мен құс саны орта есеппен 2 пайызға өскен.

  • Биыл 251 мың адам жал­пы сомасы 10,3 млрд теңге ша­ма­сында әлеуметтік көмек алған.

  • Былтыр облыс халқының 59 пайызы газбен қамтылған.

  • 2020 жылы Талдықорған және Қапшағай қалаларында үш қазандық газға ауысты­рыл­ған.

  • Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

  • Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы аясында, Нарынқолда 50 үйдің кілті беріліп, ақынға арналған ескерткіш бой көтерді.

  • Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай 55 отбасы қоныс тойын тойлады.

  • Жыл басынан бері облыста 835,4 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.

Алматы облысы тұрғындары Амандық Баталовтың жеті жылдан бері атқарған ілкімді істері көп екенін айтып, ризашылықтарын білдіруде. Мысалы, өңір халқын барынша баспанамен қамтығанын, шекаралас аймақтардың мәселесін шешіп, әлеуметтік нысандарды көптеп ашқанын жиі айтатынын байқадық. Біз бұл жолы бір бөлігін ғана сөз еттік. Ал қызметінен босатылған бұрынғы әкімнің енді қайда жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Амандық Баталовтың баспасөз хатшысы болған Айдар Карбозов біз қойған сауалдарға жауап бере алмады.

Жанболат Кенжеғұл

Дереккөз: "Егемен Қазақстан"

Пікір жазу
  • Н. Назарбаев: Партияның міндеті – халықты бөліп-жару емес, біріктіру
    Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі

    Ұқсас тақырыптар