А. Мамин: Қазақстан әлемдік азық-түлік хабтарының біріне айналу үшін үлкен әлеуетке ие

Уақыты: 2020-10-06 Көрлімі: 407 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысы...

murz9420-1200.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру мәселелері қаралды. 

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов баяндады.

Ал Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласының барлық өкіліне алғыс айтты.

«Ең алдымен, пандемия, төтенше жағдай мен карантин кезінде, ауыл шаруашылығы техникасы, отырғызу материалдары мен тыңайтқыштар нақты және уақтылы дайындалды, бұл сапалы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Барлық мамандардың үйлесімді жұмысы жоғары сапалы астық жинауды қамтамасыз етті, оның көлемі өткен жылдан жоғары. Осы ретте, барлық ауыл шаруашылық жұмыскерлеріне осы жасалған ауқымды жұмыс үшін, Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда ол ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру Үкіметтің стратегиялық міндеті болып отырғанын атап өтті.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) болжамы бойынша Қазақстан агроөнеркәсіптік кешендегі әлеуеті жоғары мемлекет ретінде есептеледі. Еліміздің әлемдік азық-түлік хабтарының біріне айналуға нақты мүмкіндігі бар. Сондықтан Үкімет осы маңызды міндетті шешу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бұдан әрі де баса назар аударатын болады",- деді А. Мамин.

Министрдің айтынша мемлекет тарапынан АӨК-ті қолдаудың барлық қажетті шаралары көрсетіледі, субсидиялар беріледі (16 бағыт бойынша субсидиялардың 47 түрі), жеңілдікпен несие беру және салық преференциялары көзделген. 2020 жылдың 8 айында қабылданған шаралардың нәтижесінде азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға 54,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қазақстан ішкі өндіріс есебінен тұтынылатын 29 негізгі азық-түлік тауарларының 23-ін — жеміс-көкөніс, жарма, ұн, ет өнімдері және басқа да өнімдермен қамтамасыз етеді. Өнімнің қалған 6 түрі (алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еті) бойынша өндірісті ұлғайту үшін 2024 жылға қарай жаңа құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, сүт, қант зауыттарын ашу және алма бақтарының алаңдарын ұлғайту жоспарланған. Бұл ҚР-ны отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесі өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімін сақтау жағдайларын жақсартуға, оның өндірісі мен маусымаралық кезеңде нарықтағы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ экспортты едәуір арттыруға жол ашады. Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған Нарықты отандық азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 5 трлн-нан астам теңге инвестиция тарта отырып, 380 инвестициялық жоба іске асырылатын болады, бұл азық-түлік тауарларының басым түрлері — ет, балық, жемістер мен көкөністер, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдері бойынша 7 экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікір жазу
  • Асхат Аймағамбетов: 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе артады
    Қ. Тоқаев: Қазақстан армиясы Ұлы даланың ержүрек батырларының даңқы мен әскери дәстүрін мұраға алған