Кондиционер пневмония тудыруы мүмкін бе?

Уақыты: 2020-07-27 Көрлімі: 1008 Сипаттама

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизио...

5eef55f775617252650522.jpg

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов коронавирусқа қатысты онлайн сұхбат өткізді.

«Адам өкпесі қабынып жатқанын білмеуі де мүмкін. Себебі өкпенің басты функциясы - газ алмасу процесі. Өкпеде жүйке талшықтары болмайды. Сыртқы қабығында ғана жүйке талшықтары орналасады. Ал қабыну интерстициалды тінде болады. Өкпенің тіршілік көлемі деген түсінік бар. Ол 3-5 литр болады. Әдетте жай адам өкпесінің 50 пайыз ғана мүмкіндігін қолданады. Ал спортшылар, әншілер 100 пайыз мүмкіндігін пайдаланады. Сондықтан, өкпенің қабынып жатқанын кей адамдар сезбеуі де мүмкін. Тек алқынып, тыныс алу мүмкіндігі азайғанда ғана адам пневмония екенін түсінеді», - деді ол.

Дәрігер маман коронавирустық инфекцияның таралуын тежеу үшін бірқатар салт-дәстүрімізден бас тартуға тура кеп тұрғанын айтты.

«Қазақстанда қазір індетті азайту үшін бірқатар қатаң шараларды қолға алуға тура келіп тұр. Салт дәстүр, ғұрпымызды қайта қарастыруға тура келді. Жақсысын алып, жаманын тастау керек болды. Әлеуметтік желіде жылт еткенді сатып алуға қажеттілік жоқ. Салауатты өмір салтын ұстану керек. Бізде адамдар ас мәзіріне көңіл бөлмейді. Тез дайын болатын, майлы, қуырылған тамақтарға бейімбіз. Ауыру кезінде сұйық тамақты көп пайдаланып, пайдасы зор, витаминдер ішкен дұрыс. Көбірек жеміс- жидек, көкөніс жеу керек. Сіз сақтансаңыз, жақындарыңызды сақтасаңыз, ел болып індетті жеңетін боламыз», - деді пульмонолог маман.

Маман халық арасында таралған өтірік-шыны аралас гипотезаларға да түсінік берді.

«Кондиционер үнемі жедел өткір вирустық респираторлы ауруға шалдыққан, суық тиген адамның жағдайын одан әрі асқындыруы мүмкін факторға жатады. Көшеде, офисте, көлікте 35-40 градус ыстық болған жағдайда, адамдар салқындау үшін кондиционер орнатады. Ыстықтап келіп, салқын ғимаратта салқындаған адам қайтадан ыстыққа шыққанда, адам ағзасында температура ауытқиды. Бұл иммунитеттің әлсіреуіне әкелуі мүмкін», - деді А.Малбасқанов.

Оның айтуынша, адам түрлі инфекцияны жұқтырмау үшін кондиционер фильтрін уақытында ауыстырып тұруы тиіс. Бөлме табиғи жолмен желдетіліп тұрса – ең абзалы болмақ.

«Кондиционер қосқанда біз есіке терезені жауып жүреміз. Аппарат бір бөлмедегі ауаны ғана алмастырады. Сондықтан, кондиционері бар бөлмеде де вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Әсіресе фильтрі ауыспаған жағдайда. Себебі, ескі фильтр клебсиелла, легионелла бактерияларын таратуы мүмкін. Олар лас жерде өсетін микроорганизмдер. Бұл бактериялар да пневмонияға әкеледі», - деді ол.


Пікір жазу
  • Қазақстанда алғашқы экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды
    Қазақстанның сүт шығаратын 6 кәсіпорыны өнімдерін Қытайға экспорттай алады

    Ұқсас тақырыптар