«Biz birgemiz» акциясы аясында 500 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді

Уақыты: 2020-06-03 Көрлімі: 781 Сипаттама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен наурызда басталған «Biz birgemiz» қайырымдылы...

2020_06_03_11-1.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен наурызда басталған «Biz birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында ел волонтерлері 3 ай бойы төтенше жағдай салдарынан қолдауға мұқтаж болған азаматтарға көмектесті.  Мақтааралдағы табиғи апаттан зардап шеккен ағайынға да жәрдем беріліп, республика бойынша 500 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген жобаға мәресіне жетті. 

16 наурызда елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек, азаматтарға қолдау көрсетуді мақсат еткен акция жұмысын үйлестіру  Nur Otan партиясына жүктелген еді.  Елбасының бас­та­масымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қо­рына 24 млрд теңгеден астам қаржы түсіп,  әлеуметтік жағдайы төмен 362 мың отбасыға 50 000 теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек берілді. Оған қоса әр түрлі өңірдегі 236 мың­нан астам отбасыға азық-түлік себеттері мен гигиеналық заттар жеткізілді.

«Biz birgemiz» акциясына жасотандықтар бастамасымен республика бойынша 5 мыңнан астам волонтер қатысты. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қа­ла­ларында 100 мың отбасыға 5 миллион дана ме­дициналық маска үлестіріліп, 3000 жалғыз­басты қарт күнделікті ыстық тағаммен қамта­ма­сыз етілді.


Акция аясында Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендердіндегі халыққа қолдау көрсетіліді. 

"Nur Otan партиясы мен Jas Otan Жастар қанатының қалалық және облыстық филиал­да­рында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Партия тарапынан елордадан 40 тонна гуманитарлық көмек жолданды.  «Мақтаарал, Birgemiz» волонтерлер штабы құрылып, оған барлығы 500-ден астам волонтер жұмылдырылды», дейді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Акция барысында рухани құндылықтар да ұмыт қалған жоқ. Мамыр айының 18-22 аралығында Jas Otan Жастар қанатының белсенділеріне түрлі тақырыпта 17 түрлі онлайн сессия өткізілді. Жастар бірнеше күн бойы тайм менеджмент, волонтерлік негіздері, онлайн іс-шаралар өткізу бойынша дәріс тыңдап, пікір алмас­ты. Онлайн сессияларға 550 волонтер қатысты.

«Жалпы, аталған акция елдегі волонтерлікті дамытуға зор үлес қосып, жастарға еріктілік мәдениетін қалыпастыру мен көмек көрсетудің маңыздылығын көрсеткендей болды. Жаста­ры­мыз «Волонтер жылы» аясында сөзден іске кі­рі­сіп, біліктілігін де, білімін де арттыруға мүм­кіндік алды. Талай отбасыға қолдау біл­ді­рі­ліп, қарттарымызға көмек көрсетілді», деп түйіндеді сөзін Е.Бейсенбаев.

 Айта кетейік, "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі де акция аясында 40-тан астам отбасыға көмек жасады. Алматы қаласындағы денсулық сақтау органдарына көмек көрсетті. 

Jebeu.kz





Пікір жазу
  • Б. Атамқұлов: Қазақстанда өндірілген тауарлар импорттық өнімнен кем түспейді
    Н. Назарбаев: Дағдарысқа алғаш тап болып отырған жоқпыз

    Ұқсас тақырыптар