Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтті

Уақыты: 2019-12-16 Көрлімі: 2061 Сипаттама

Бүгін, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанына 28 жыл толды....

1e07c915-bc77-401e-a924-9d4622856144.jpg

Бүгін, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанына 28 жыл толды. Еліміздің әр өңірінде Тәуелсіздік күнін қарсы алып, ел тұрғындары бір-біріне құттықтауларын жолдауда. Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздікпен бірге Даму мен Жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туғанын атап өтті.

«Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды» деп жазды ҚР президенті Twitter парақшасына.


Сондай-ақ президент Азаттық пен Тәуелсіздік үшін күрескендерге тағзым етеміз деді.

 «Бүгін біз Азаттық пен Тәуелсіздік үшін жанын пида етіп, Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған батырларға, XVIII-XIX ғғ. ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан қайраткерлерге, Алаш-Орда арыстарына, Желтоқсанда алаңға шығып теңдік талап еткен қаһармандарға тағзым етеміз!», - деп жазды мемлекет басшысы.

1f89c708-4aa3-486e-a952-7a722bbb0a7c.jpg

Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған бұрынғы астана Алматы қаласының тұрғындары Тәуелсіздік күнін айырықша атап өті. Таң атысымен Тәуелсіздік монументіне тұрғындар жиналды. Сағат 10:00 шамасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге Тәуелсіздік монументіне тағзым етіп, гүл қойды. Онан кейін ҚР Қарулы күштерінің салтанатты шеру өтіп, артынан алаңға жиналған мыңнан астам адам бірге «Мен қазақпын» әнін шырқады. Алаңға жиналып, «Мен қазақпын» әнін шырқағандардың ішінде Қазақстандағы әрұлт өкілдерімен бірге шетелдіктер де болды.

Еліміздің өзге өңірлерінде Алматыдағы сияқты неше мыңдаған адам жиналмаса да алаңға барып, Тәуелсіздік күнін атап өтіп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбандары мен Азаттық үшін күрескен барша батырларымызға арнап, құран оқып, дұға бағыштады.

79372420_10215814915146831_1866191160154783744_n.jpg

Бүгінгі ұрпақ неше ғасырдан бері қол жетпеген азаттықта өмір сүріп жатыр. Енді осы Тәуелсіздіктің тұғырлы да баянды болуы әр қазақстандықтың қолында. Әр азамат елдік пен бірліктің ойлап, өзін жетілдіріп, бәсекеге қабылетті бола білсе, Тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Осы орайда барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнінмен құттықтай отырып, Қазақстанның бұрынғы президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді» деген сөздерін есімізге аламыз.

Тұрдыбек Құрметқан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы



Jebeu.kz

 

 

 


Пікір жазу
  • Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
    Асхат Аймағамбетов ғылыми негізге дайындалған жаңа бағдарламаны таныстырды