Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын қабылдады

Уақыты: 2019-09-10 Көрлімі: 53 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отыр...

912A40F2-E363-4299-880A-D6D59108A53B.jpeg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында ҚР Президентінің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды.

Құжат 81 тармақтан тұрады, оның ішінде мына бағыттар бойынша: заман талабына сай тиімді мемлекет – 11 тармақ, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 15 тармақ, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика – 27 тармақ, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – 18 тармақ, қуатты өңірлер — қуатты ел – 10 тармақ.

«Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер аталған құжатты Президент мақұлдағаннан кейін бірден алға қойылған міндеттерді орындауды бастауы керек. Біз алға қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлескен жұмысты қамтамасыз етуіміз қажет», — деді А. Мамин.   

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының қабылданған жобасы ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа бекітуге жіберіледі. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • АҚШ әлемдегі ең мықты суперкомпьютерді іске қосты
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар