Халық үшін барлық жағдай жасалады

Уақыты: 2019-05-29 Көрлімі: 816 Сипаттама

Қазақстан дамудың шешуші кезеңін өткеріп жатыр. 9 маусымда Президент сайлауы өтеді. Елі...

61219108_326169274964092_848195662309752832_n.jpg

Қазақстан дамудың шешуші кезеңін өткеріп жатыр. 9 маусымда Президент сайлауы өтеді. Еліміздің болашағын айқындайды. Қазақстан дамуының жаңа дәуірінің негізін қалайды.

Осыған байланысты дамудың жаңа ауқымды міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз ету үшін мемлекетті басқару деңгейінің сапасын арттыру аса маңызды. «Nur Otan» партиясы сайлауға кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

Әрине, біздің еліміз өз болашағының маңызды таңдауының алдында тұр. Бүгінде әрбір қазақстандықты өзекті мәселелер толғандырады. Біз жаңа сынақтарға дайынбыз ба? Біздің ертеңгі күніміз қандай болады? Біздің іс-әрекет жоспарымыз қандай? Мемлекет мен үшін не істей алады? Ел үшін не істей аламын? «Nur Otan» партиясы осы сұрақтарға нақты жауап береді.

Қазақстан – табысты ел және біз әрқашан осындай болатынына сенімдіміз! Елбасы стратегиясы – жетістіктің негізі. Тек біртұтас және ұйымшыл ұлт қана болашақ сынақтардан сүрінбей  өте алады. Дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге қабілеті жетеді.

Бұл – біз әрқашан қорғайтын біздің нық сеніміміз. Біз қиындықтарды жеңе аламыз, сондықтан болашаққа батыл қараймыз. Бірлікке шақырған – Елбасы.

Біздің партия – еліміздің жетекші саяси күші. Қарапайым жалпыадамзаттық құндылықтарды қорғайды. Қазақстанның жетістігі – әрбір қазақстандық отбасының, елдің әрбір жеке азаматының жетістігі. Біздің партияның мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін шешу. Жұмыс, баспана қолжетімді болуы қажет. Балаларды жақсы мектепте оқыту, ауылды дамытуға барлық жағдай жасалады. Міне, осы айқын мақсаттардың айналасында біз бүгін қоғамды біріктіргіміз келеді. Бұған біздің үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев сенеді.

Өзінің сайлауалды бағдарламасында ол қазақстандықтарға әлеуметтік бағдарланған саясатты ұсынады. Ел бюджеті шығыстарының 46%-ға жуығы әлеуметтік мақсаттарға бағытталған. Сонымен қатар, жуырда әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Кәсіпкерлікті және экономиканың жаңа салаларын дамыту белсенді қарқынмен қамтамасыз етіледі, бұл тұрақты, өнімді жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамтудың икемді формасы енгізілетін болады. Ең алдымен, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және зейнеталды жастағы адамдар үшін. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды әлеуметтік көмекпен қамту кеңейтіледі. Қазірде 155 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда.

Сайлау алдындағы бағдарламада аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй жағдайын жақсарту шаралары жоспарланған. Бұл үшін 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жоғары сапалы медициналық қызметтер әрбір қазақстандық үшін қалаларда да, ауылдарда да қолжетімді болады. Еліміздің барлық өңірлерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек қолжетімді болады. Бұл үшін 2019-2021 жылдары 7 өңірде 10 медициналық ұйымның құрылысына шамамен 120 млрд теңге бөлінеді. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналған шығындар денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-ына дейін ұлғайтылатын болады.

Жұмыспен қамту саласында Қазақстан экономикасының барлық негізгі салаларында 550 кәсіби стандарттарды бекіту жөніндегі жұмыс аяқталады, олар оқу процесіне барынша ықпал ететін болады.

Жұмыс орындарын құруға сапалы мониторинг жүргізудің тұтас жүйесі құрылатын болады. Бұл жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларының тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі, бірінші кезекте, құрылатын тұрақты жұмыс орындарының саны және халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуы бойынша бағалануы тиіс.

Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Біз тек қана бірге, біріккен күш-жігермен ортақ мақсатқа – Отанның гүлденуі мен әл-ауқатына қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз! Біздің еліміз де, тағдырымыз да бір!


Дереккөз: toqaev2019.kz


Пікір жазу
  • А. Мамин: Кәсіптік-техникалық даярлау жүйесі кадрлардың жұмысқа орналасу кепілдігін беруі тиіс
    Грант пен бюджеттік несие: Мемлекет ауыл халқына қандай қолдау көрсеткелі отыр