Жемқорлыққа жол жоқ

Уақыты: 2019-04-23 Көрлімі: 1403 Сипаттама

Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңда қолында билігі бар кейбір лауазымды тұлғаларды тура...

Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңда қолында билігі бар кейбір лауазымды тұлғаларды тура  жолдан тайдырып, жалған сөйлеуге итеретін, әділдікті емес өзін таңдауға мәжбүрлейтін көк қағаздың кесірінен туындап, қоғамдық дертке айналып отырған негізгі мәселелердің бірі. Өзінің емес, халықтың қамын жеп, мұң-мұқтажын тыңдайды деген үмітпен дәрежелі орындарға сайланып қойылған азаматтарымыз керісінше халықтың нанын жеп, «алтын көрсе періште жолдан таядының»  керін киетіні де белгілі. Туралықты ту етіп көтерген Төле би мен Қазыбек би сынды әділетті билеушілері болған қазақ халқының санасына  жемқорлық ұғымының  жылдам сіңісіп, қазірде тамырын тереңге жайғаны қынжылтатын жайт.

Тек Қазақстан  ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлемді дерлік жаулап алған  бұл құбылыстың негізі алғашқы таптық қоғамдар пайда бола бастаған  уақытта-ақ қаланғанын тарих беттерінен байқауға болады. Жалпы мағынасы – (латын тілінен аударғанда «corruptio» - сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің, оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

Қай жерде билік болса, сол жерде  төбе көрсететін сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамып, алға жылжуына бірден бір кедергі келтіретін фактор. Билік өкілдерінің халық қазынасына қол сұғуы, мемлекет мүлігін талан-таражға салып, өз қызметтерін асыра пайдалануы ел ішінде іріткілердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Елімізде осындай ұлтішілік қақтығысудың, қарапайым халық пен мемлекет басқарушыларының арасында келеңсіздіктердің орын алуының алдын алу, әділ биліктің жүруі, жалпы сыбайлас жемқорлықпен куресу мақсатында 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданды. Қазіргі уақытта бұл заңнамаға түрлі өзгерістер енгізіліп, жемқорлыққа жол берген тұлғаларға қатаң жазалар қолдану, мемлекет істерінен шектету сынды баптар енгізіліп, дамытылуда. Осы заңнамалармен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  түрлі жобалар да елімізде іске асырылып жатыр.

Аталып отырған қылмыстық әрекет тек қана мемлекет басқаратын орындарда ғана емес, сонымен қатар, медицина саласында, оқу орындарында және құқық қорғау органдарында да белең алып отырғаны жасырын емес. Осындай қоғамда  маңызды роль атқаратын салаларда жұмыс жасайтын мамандарды  жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, олардың санасына тек халық игілігі үшін қызмет етуді сіңіру қазіргі таңда алға қойылған маңызды талаптардың бірі болып отыр.

Дәл осы бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзерінің ұйымдастыруымен ашық эдвайзерлік сағат өткізілді. Шараның ұйымдастырылуындағы негізгі мақсат -  студенттерге болашақ маман ретінде сапалы білім берумен  қатар, рухани тәрбиемен  азықтандыру, әділдік пен туралыққа тәрбиелеу. Тақырып аясында студенттерге «жемқорлық» ұғымының мағынасы мен оның елімізге тигізетін  зардаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында және әлем деңгейіндегі статистикалық мәліметтер қаралып, жемқорлыққа қарсы елімізде қабылданған заңнамалар мен  жобалар аясында пікірталас жүргізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде  сыбайлас жемқорлық туралы «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе. Біздің елімізге келер болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда және кең қанат жайып келеді. Жақында тиісті ведомствоның басшысын қабылдадым. Осыған байланысты жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма бердім. Жалпы сандық және сапалық тұрғыдан алғанда жазалау жөнінен Қазақстан әлемде көш басында тұрған елдердің бірі. Байқасаңыздар, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоғары лауазымды адамдар жауапқа тартылған. Олардың арасында премьер-министр, бірқатар министрлер, ведомство басшылары және басқалар бар. Басқа қай елде мұндай жағдай болды? Айту қиын. Мен өз тарапымнан осы жүйелі мәселені шешу үшін барынша күш-жігерімді жұмсаймын деп сенімді түрде айтамын (https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/312919-asym-zhomart-to-aev-zhem-orly-m-selesine-atysty-pikir-bildirdi) », - деген сөзін негізге ала отырып, жоғары оқу орынында білім алушыларға бұл қауіпті құбылыспен күресу шаралары тек қана басшылық тарапынан ғана емес, сонымен қатар, ұлт болып ат салысу қажет екендігі түсіндірілді.

Жемқорлық.jpg

Сөз соңында, жемқорлық – елдің дамуын артқа тартып, түрлі зардаптар әкелетін қауіпті дерт. Ал, мәңгілік ел болып, тарих сахынасында алтын әріптермен жазылу үшін бұл дертпен бар күшімізбен, ұлт болып күресуіміз шарт. Білімділік пен әділдікті тең ұстаған жастарымыз  жарқын болашағымыздың кепілі екендігін естен шығырмай, оларға тек оқытушы ретінде ғана емес, сонымен қатар ұстаз ретінде де адамгершілікке тәрбиелеу басты мақсатымыз. Осы мақсатқа жету жолында жастар арасында осы сынды іс-шаралар өткізу, үлкендік ақыл-кеңестермен бөлісу, аудиторядан тыс еркін тақырыпта байланыс жасау бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру жолында септігін тигізер тиімді жолдардың бірі екендігіне сенімдіміз.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  

биофизика және биомедицина

кафедрасының оқытушылары:

PhD – Ыдырыс Ә.,

                                                                  эдвайзер, б.ғ.к., доцент – Бактыбаева Л.К.


Пікір жазу
  • Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде келер жылы тойланады
    ҚазҰУ-де «Алматы – мың бояулы қала!» атты тәрбиелік іс-шара өтті

    Ұқсас тақырыптар