Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтандағы митингілердің видеосын таратты

Уақыты: 2019-06-11 Көрлімі: 309 Сипаттама

Нұр-Сұлтанда болған митингілер түсірілген видео tengrinews.kz жаңалықтар сайтының youtube канал...

10453293.jpg

Нұр-Сұлтанда болған митингілер түсірілген видео tengrinews.kz жаңалықтар сайтының youtube каналында жарияланды. tengrinews.kz “видеоны ішкі істер министрлігі жария етті” деп министрлікке сілтеме жасады.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев құқық қорғау органдары қызметкерлерінің наразылық акциялары кезінде сабырлылық танытып, арнайы құрылғылар пайдаланбағанын хабарлады.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілер "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының бастамасымен ұйымдастырылды. Ал осы ұйымның жетекшілері азаматтарға шетелден нұсқау беріп отырды.

"Ұйымның белсенділері жаппай үгіт-насихат жүргізді. Әрине, ондай жұмыстар халыққа әсер етпей қоймайды. Соның нәтижесінде адамдар заңсыз митингке шықты. Ал жеке құрам барынша ұстамды болып, араңдатушылық әрекеттерге бой берген жоқ", - деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, митингтер кезінде арнайы-құрал жабдықтар пайдаланылған жоқ. 

"Әрине, біз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргіздік. "Қазақстанның демократиялық таңдауының" чаттарын да қарап отырдық. Шетелден түскен нұсқауларға да талдау жасадық. Сондықтан олардың 10-ы күні де көшеге шығатынын білдік. Чаттарда отырған белсенділер сан алуан арандату жолдарын ұсынды. Олар ірі көшелердің қозғалысын жабуға, тіпті, құқық қорғаушыларға қатысты күш қолдануға үндеді", - деп атап көрсетті Қожаев.

Ол сайлау күні ішкі істер органдарының 20 мыңға жуық қызметкері елдегі тәртіпті қамтамасыз еткенін атап өтті. 

Сурет: Sputnik Қазақстан



Пікір жазу
  • Мұхтар Шаханов Тоқаевтің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді
    Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтті

    Ұқсас тақырыптар