Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер тиімділігін арттыру жөніндегі жоспар талқыланды

Уақыты: 2023-03-21 Көрлімі: 216 Сипаттама

Премьер-Министр Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл процесті жеделдету, сондай-ақ қазақстандық компанияларды халықаралық тасымалдарға шығуын оңайлату жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті....

Снимок.JPG

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстан-Қытай шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру бойынша мәселелер талқыланды, деп  ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Данияр Жаналинов қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы аптада «Нұр Жолы» бекетінің өткізу қабілеттілігі едәуір артқанын баяндады. Атап айтқанда, 19 наурызда ҚХР-дан ҚР-ға 680-нен астам жүк көлігі (13 наурызда шамамен 150 көлік), ал ҚР-дан ҚХР-ға 140-қа жуық көлік өткен. Шекарадағы кезек алғашқы күндері нақты 300 көліктен 20 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 70 көлікке дейін азайды. Қазақстан жағында көбіне Қытай визаларын алуды күтіп отырған тасымалдаушылар басым.

Премьер-Министр Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл процесті жеделдету, сондай-ақ қазақстандық компанияларды халықаралық тасымалдарға шығуын оңайлату жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов шекаралық бақылау-өткізу бекеттеріндегі электрондық кезекті қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауды және оңтайландыруды тапсырды. Оның айтуынша, бұл процесті ашық әрі тиімді жүргізу үшін «Атамекен» ҰКП-ны тарту керек.


Пікір жазу
  • Депутаттар сайлауы: Алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
    ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

    Ұқсас тақырыптар