Артық салмақтан тез арылудың жолдары

Уақыты: 2023-01-10 Көрлімі: 252 Сипаттама

Рухани өмір сүру үшін деннің саулығы маңызды. Денедегі теріс өзгеріс көптеген органның...

Снимок.JPG

Рухани өмір сүру үшін деннің саулығы маңызды. Денедегі теріс өзгеріс көптеген органның, әсіресе жүйке жүйесі мен ас қорытудың жұмыс істемеуіне әкеледі. Өмір сапасына теріс әсер ететін және денсаулыққа қауіп төндіретін артық салмақ. Яғни, артық салмақ та емдеуді қажет етеді.

Артық салмағы аз адамдар да мінсіз фигураны қуып, денсаулығына қауіп төндіріп, салмақ жоғалтуға арналған нешетүрлі дәрі-дәрмекті қабылдауға дайын. Бүкіл әлемде көптеген адамдар таблетка немесе жаттығу арқылы салмақ жоғалтуға тырысып көп ақша жұмсайды.

Тарихқа көз жүгіртсек, осыдан бір ғасыр бұрын толық адамдар кермет және әдемі болып саналған. Дөңгелек жамбас бұл әйел фигурасының әдемілігін көрсеткен. Арық әйелдер тартымды болу үшін салмақ қосуға тырысатын. Мәселен, қайта өрлеу дәуірінде голландиялық суретші Питер Пол Рубенс өзінің картиналарында сұлулықтың көрінісі деп санайтын семіз әйелдерді бейнелеуімен кеңінен танымал болды.

Салмақ жоғалту - бұл жаһандық ауқымдағы үлкен бизнес. Бүгінде АҚШ пен Еуропада салмақ жоғалту бағдарламалары мен өнімдері жылына 150 миллиард доллардан астам пайда табады.

Ал қазір заман басқа. XXI ғасыр – жаңа технологияның дамыған кезеңі. Толық адамдардан салмағы аздар тартымды көрінуде. Бір сөзбен айтқанда, артық салмақтан арылу үшін тәуекелге баруға дайын жандар аз емес.

Қазір мереке кезінде әсіресе қыз-келіншектерде артық салмақтан қалай арылсам деген ой мазалайды. Көбісінің қалтасын жаттығу залы көтермейді. Мұндай жағдайда не істуге болады?

Дәл осындай жағдай сіздің де басыңызда болса, уайымдамаңыз. Себебі жаттығу залын үйде жасалатын жаттығумен және өзге пайдалы дүниемен алмастыруға болады. Ең бастысы, адам өзін моральдық тұрғыдан дайындап, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысуы керек.

Салауатты салмақ жоғалту процесі біз жейтін тағаммен ғана емес, сонымен бірге біз қалыптастыратын өмір салтымен де біріктіріледі.

Белгілі дәрігер-диетолог маман Арай Әміренің айтуынша, кез келген адам арықтайтын кезде бірінші ойлануы керек.

«Артық салмақты бір апта ішінде немесе екі аптада жинамаған болуы мүмкін. Әсіресе, қазір жаңа жыл қарсаңында арықтауға байланысты көптеген марафон хитқа айналуда. Тек қана жаңа жылға ғана емес, той немесе маңызды кездесулер болатын болса, бәріміз айнаға қарап арықтау керек еді деп ойланамыз. Бұл нені білдіреді? Яғни, үнемі салмақ тастағысы келетіндер күнде ертеңге қалдырып жүреді. Ертең бастаймын немесе екі-үш апта қалған кезде арықтаймын дейтін адамдар  өмірін кейінге ысырып тастайды», – дейді ол.

Диетолог салмақ тастағысы келетіндерге 22.00-ден қалмай ұйықтау қажеттігін айтады. Себебі адам ағзасының биологиялық сағаты бар деп сайнайды.

«Биологиялық сағаттың ішіне күндізгі сағат та кіреді. Жұмыс уақытына бағынамыз. Сол сияқты біз өзіміздің әрбір ағзамыздың және органның қай уақытта демалып, қай уақытта жұмыс жасайтынын білуіміз қажет. Яғни, түнгі 22.00-де ұйықтап, таңғы 6.00-де тұрсақ, гармон дұрыс бөлінеді. Егер таңғы 6-да тұрмайтын болса, үлкен де және бала-шаға да түнгі 22.00-23.00-ден қалмай ұйықтауды әдетке айналдыру керек. Адам ұйықтаған кезде арықтайды. Ал кішкентай балалар ұйықтаған кезде олар керісінше өседі. Сондықтан да бала да, үлкенде уақытылы демалған дұрыс. Қазіргі таңда көмірсулы тағамдар көп. Қант жемеймін деп айтатындар бар. Бірақ біздің сатып алатын нан, кез келген дүкеннен алатын заттың құрамында қант және транс майлар өте көп. Соның салдарынан адам тойғанын білмейді де, тағамды шектен тыс жейді. Зиянсыз және пайдасыз тамақты көп жегенде, бауыр мен өттің жұмысы нашарлайды», – дейді.

Яғни, бауыр мен өттің жұмысы реттелу үшін ыстық су ішу аса маңызды. Күнделікті адам өзінің салмағын 30-ға көбейтіп, шыққан нормадағы суды әсіресе қыз мезгілінде ыстық қалпында ішу қажет. Тамақтанардан бұрын 1 сағаттан кейін немесе алдында ішкен дұрыс. Одан кейін үшреттік тамақтануға өту керек деп санайды маман.

«Егер ол адамда қант диабетінің бірінші типі болмаса, онда үш уақ тамақтану бізге жетеді және тағамда көбінесе көкөніс көп болғаны абзал. Тамаққа қосқан кезде адам тәттіден оңай бас тартады. Сонымен бірге көзге көрінбейтін тіскебасарды алып тастау. Кейбірі сусын және сүтпен шай іше салады. Сүтпен шайды және газдалған сусынды, алькоголды шектеу. Ең маңыздысы күніне 10 мың қадам жасау. Сағат күндізгі беске дейінгі кезең мен сағат бестен кейін физикалық белсенділік төмендейді. Күнінде ыстық су, ұйқы және 10 мың қадамды күнделікті жасайтын болсақ, салмақтан оңай құтылуға болады», – деді диетолог-дәрігер Арай Әміре.  

Үнемі жаттығулар жасаңыз

Аптасына 3-4 рет жарты сағат бойы тұрақты жаттығулар жасаңыз. Егер сізде спортпен немесе спортпен шұғылдануға уақыт болмаса, күнделікті іс-әрекетіңізді белсенді етіңіз. Мысалы, лифттің орнына баспалдақты қолданыңыз. Егер сіздің баратын жеріңіз жақын болса, жаяу жүріңіз немесе сіз көлікте болсаңыз, аялдамадан ертерек түсіңіз. Мүмкін болса, көліктің орнына велосипед қолданыңыз!

Тамақтану әдеттеріңізді өзгертіңіз

Салауатты салмақ жоғалту үшін тек спортпен шұғылдану және жаттығу жеткіліксіз. Сонымен қатар тамақтану әдеттері мен өмір салты үлкен маңызға ие.

Уақытылы ұйықтаңыз

Түнге дейін ұйықтамайтын адамдар аштыққа ұшырайды және көп тамақтануды қажет етеді. Өйткені түскі астан кейінгі уақыт ұзарады. Ұйқы уақытын реттемейтін адамдар ұйықтар алдында жоғары калориялы тағамдарды тұтынады, бұл дене майының жиналуына әкеледі. Бұл өз кезегінде салмақ жоғалту процесін қиындатады.

Су ішіңіз

Күні бойы тұтынылатын судың мөлшері тез және сау салмақ жоғалту үшін өте маңызды. Салмақ жоғалту үшін күніне 2-2, 5 литр су ішу керек. Күнделікті суды жеткілікті мөлшерде тұтыну метаболизм жылдамдығын арттыра отырып, майдың жоғалуына ықпал етеді.

Өңделген тағамнан аулақ болыңыз

Оралған тағамдарда химиялық консерванттар, зиянды қант, тазартылған қант және зиянды майлар бар. Фаст-фуд антисанитариялық жағдайда шығарылады және құрамында зиянды майлар бар. Мүмкіндігінше салмақ жоғалту үшін мұндай тағамдардан, газдалған сусындардан және фаст-фудтан аулақ болыңыз.

Кейде артық салмақ ешқашан кетпейтін сияқты. Сіз калорияларды санайсыз, көмірсулардың мөлшерін бақылайсыз, ақуызды жеткілікті мөлшерде тұтынуға тырысасыз, үнемі жаттығулар жасайсыз және таразы көрсеткісі бәрі орнынан қозғалмайды. Мұнымен қалай күресуге болатынын біз сіздерге айтып өттік.

Қорыта айтқанда, кешкі және түнгі уақытта біздің денеміз тамақты сіңіруге емес, ұйқыға бейімделгенін есте ұстаған жөн. Дегенмен, асқазан-ішек жолдарының және тұтастай алғанда ағзаның жұмысында елеулі бұзылулар туғызбау үшін кешкі уақытта тамақтан толық бас тартуға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ұйықтауға дейін 2-3 сағат бұрын тамақтану ұсынылады. Осыны есте сақтайық!

Фото: pohudejkina.ru

Дереккөз: El.kz

Пікір жазу
  • Қыстыгүні көлікте не сақтауға болмайды?
    Телефон алаяқтарының айласы. «Банктен» хабарласатындардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

    Ұқсас тақырыптар