ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУШЫЛАР ӨТЕ КӨП

Уақыты: 2022-11-03 Көрлімі: 415 Сипаттама

Бұл күнднрі ҚР президенттігіне алты үміткер заңды түрде тіркеліп, сайлауалды штабтар...

 66328844_2384813261605466_4439127113081028608_n.jpg

Бұл күнднрі ҚР президенттігіне  алты үміткер заңды түрде тіркеліп, сайлауалды  штабтары  үгіт-нәсихат жұмыстарын жалғастыруда.

Әр үміткердің өзіндік ерекшеліктеріне сай қолдаушылары да бар екені байқалады. Ал қазіргі мемлекет басшысы, халықтық коалицияның атынан президенттікке үміткер Қ. К. Тоқаевтың қолдаушылары өте көп екені даусыз. Көп болуының себептерін өз мақалам арқылы дәлелдеуге тырысайын.

1. Реформаларының нәтижесін көргісі келеді.

Қ. К. Тоқаевел тізгінін ұстағалы, халық тұрмысын жақсарту мен мемлекеттің тұтастығына кепілдік беретін ауқымды реформаларды үздіксіз жүргізіп келеді. Қауіпсіздік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.  Мемлекеттік басқару. Азаматтық қоғам. Денсаулық сақтау.Мәдениет. Білім беру. Кәсіпкерлікті қолдау. Құқық қорғау жүйесі. Аймақтарды дамыту. Ауыл шаруашылығы. Әлеуметтік қорғау. Спорт. Сот жүйесі. Цифрландыру. Экология. Экономика салаларындағы оң өзгерістер нәтиже бере бастағанын ешкім жоққа шығара алмайды.Әрине не бары үш жарым жыл уақытта түгелдей өзгеріп кетпесіміз анық. Оған үкіметтің қармағындағы кейбір шенділердің  әліде үйреншікті әдетімен саусақ ұшын қимылдатып отырғаны себеп деуге болады.Мұндай жағдайлар әсіресе облыстарда көптеп кездеседі. Мемлекеттік құрылымнан күдер үзе бастаған сайлаушылар,Тоқаевтың бастамасымен жаңару мен жаңғырудың белең алғанын бағамдап отыр,осы барыста сайлаудан кейін көптеген өзгерістер болтынына, ниеті таза, іскер азаматтарға жол ашылатына сенеді.  Сондықтан да  жаңа реформалардың  нәтижесін көргісі келеді.

2  Дипломатиялық іскерлігіне үміт артады.

Қ. К. Тоқаевтың қытайда, бірлескен мемлекеттер ұйымында және еліміздегі жоғары лауазымды қызметтерде ұзақ жылдық тәжірибесі бар. Әрбір шешімді сабырмен, салқын қандылықпен ешбір эмоциясыз қабылдай алады. Ал эмоциямен асығыс қабылдаған шешімдер мемлекеттілікке қауіп төндіруі мүмкін. Оның нақты мысалдарын жан-жақтағы көршілеріміздің қантөгіске ұласқан жаңжалдары дәлелдей алады. Әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұрғандаортасындағы жалғыз бейбітшіліктің бесігі секілді, дүрдараз дінбасылар  мен жақындарымен жауласқан елдердің жетекшілеріне арағайындық танытып, қазақстанға жинаған Тоқаевтың халқаралық аренада беделі биік екені даусыз. Елімізге қатысты халқаралық келісімдер мен шешімдер қабылданар кезде қарсы жақтың бір мүддесін қолдаған  болып өз елінің көп мүддесін қорғап қалатын терең ойлы, салқын қанды саясаткер. Әрі онысын ешқашан білдірмей сабырлы кейіппен алға жылжи береді. Енді осыған көп тіл білетіндігін қосыңыз, әр елдің тілін білу оның салт-санасы мен мәдениетін біліп, менталитетін меңгеру  деген сөз. Ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, қарсыласына ешбір аудармашысыз  соның  тілімен жеткен  жүйелі сөз оны ырықсыз күйге түсіріп,  нәтиже   айтушының пайдасына шығары белгілі. Осы ерекшеліктерін ескеріп, мемлекеттің тыныштығын, елдің бейбіт өркендеуін қалайтын көпхалық Тоқаевтың мемлекет тізгінін жалғасты ұстауына қызмет етері сөзсіз.

3. Тазалығы мұратына жеткізеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтерде болғанымен лауазымына байланысты артынан бірді-бір сөз ертпеген таза тұлға. Мемлекет пен халықтың алдындағы лауазымды міндеттерін адалдықпен атқарып, елді жайлаған жемқорлыққа шатылмаған қолы да, ары да таза, халықшыл азамат. Қызмет байланысымен ешбір жақынын лауазымды орындарға тартпаған. (Биыл осыған байланысты заңға  арнайы бап енгізілгенін  білеміз.) «Қолы таза адамның жүзі жарық болады» дегендей, ол еш уақытта халықтан алшақтамайды. Қашанда ел-жұртпен кездесіп, жағдайласып отырады. Елде орын алған төтенше жағдайлардың дерлік барлығында сол орталықтарға өзі барып, нәтижелі шешімдерімен қиналған жұртқа демеу болғанына бәріміз куәміз. Сол үшінде көп халық Тоқаевты жақсы көреді, болашағын сеніп тапсырғысы келеді. Әрине бұл факторлардың барлығы да сайлауда өз нәтижесін беретіні анық!

4. Бағдарлама бәріне қолайлы.

 Президенттікке үміткер Қ. К. Тоқаев сайлауалды бағдарламасын   « ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деген үлкен тақырыппен жариялап,сайлаушылар үміт артып сайлаған  жағдайда,  алдағы жеті жыл көлемінде    атқарар міндеттерін «ӘДІЛЕТТІ  МЕМЛЕКЕТ. ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» атты, үш қағидат бойынша атап өтті.

Әділетті Қазақстанда өмір сүру әр сайлаушының арманы екенін ескерсек, ұзақ жылдар бойы әлеуметтік теңсіздіктің зардабын тартқан халық, үміткердің заң үстемдігін орнатып,ашық, әділ қоғам құратынына, барлық адамға тең мүмкіндік беретініне сеніммен қарайды, және  құзырлы органдардың барлығын солай істеуге мәжбір етеді, деуге болады. Әділетті Қазақстанды тек қана әділетті адамдар құрады. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы әділетті болуы керек. Әділетті таңдау жасап. Әділетті жеңіске жетейік!

                                 Әбдіғани Бәзілханұлы

                                      «AMANAT» партиясы Астана қалалық 

 филиалы саяси жұмыс бөлімінің

консультанты.

28 қазан 2022 жыл.

 

 

 Фото: Ашық дереккөз

 

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель саяси диалог қарқынын күшейтуге уағдаласты
    Республика күніне арналған мерекелік шараларға АТ факультетінің студенттері белсенді қатысты

    Ұқсас тақырыптар