Қазақстанның Қытайдағы елшілігі арнайы мобильді қосымшасын іске қосты

Уақыты: 2022-06-28 Көрлімі: 216 Сипаттама

Ақпараттық технологияларды енгізу арқылы ҚР азаматтары үшін ақпарат пен қызметтердің...

Mobile-App-developers-543x360.jpg

Ақпараттық технологияларды енгізу арқылы ҚР азаматтары үшін ақпарат пен қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі «Kaz Consul» арнайы мобильді қосымшасын іске қосты, деп еліміздің Қытайдағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Бүгін осы мобильді қосымшаның онлайн-таныстырылымы өтіп, қатысушылар интерфейстің ыңғайлығы мен қазақ және орыс тілдерінде жарияланған ақпараттың өзектілігін жоғары бағалады.

Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында бола отырып, WeChat мобильді платформасындағы «Kaz Consul» парақшасына кіру арқылы неке қию, туу туралы куәлік, ұлттық паспорт, ЭЦҚ кілт алу, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау секілді мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті ақпаратты алады.

Сонымен қатар, мобильді қосымшада консулдық округтердің картасы ұсынылған және консулдық есепке онлайн тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан басқа, «Kaz Consul» мобильді қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы біздің азаматтар ҚХР аумағындағы Қазақстанның консулдық мекемелерінің кез келген қызметкерімен тікелей байланыса алады.


Пікір жазу
  • 1 шілдеден бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері қайта жанданады
    Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады

    Ұқсас тақырыптар