Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді

Уақыты: 2022-06-07 Көрлімі: 263 Сипаттама

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыстарын қалпына келтірді....



SejZ2Zqg.jpg

Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингте айтты.

«Коронавирус пандемиясы әлемдік аренаға кері әсерін тигізді. Қазір біз бұл пандемияны өзара ынтымақтастық пен қолдау арқылы еңсерудеміз. Осы жұмыстың дәлелі ретінде биыл бірінші маусымнан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілгенін атап өткім келеді», деді Мұхтар Тілеуберді.

Ал ҚXР Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыстарын жандандыратынын айтты. 

«Инвестициялар салаларындағы ынтымақтастық комитеті, Ынтымақтастық жөніндегі комиссия, өңірлік ынтымақтастық форумы сынды тетіктердің әлеуетін арттырамыз. Екіжақты ынтымақтастық сапасын әртараптандырып, нығайтамыз, арттыра түсеміз. Өзара тиімді ынтымақтастықты мүлтіксіз дамытып, жаңа салалары мен мүмкіндіктерін қарастырамыз. Қытай-Еуропа бағдарының өткізу қабілетін барынша қамтамасыз етіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін аша түсеміз. Көлік бағдарларын әртараптандырамыз», - деді Ван И. 

Сонымен қатар ол екі ел 5G, үлкен деректер, жасанды интеллект, цифрлық қаржы, трансшекаралық электронды сауда, жаңаратын энергия көздері салаларында жаңа өсім нүктелерін құруға да баса мән беретіндігін атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыстарын қалпына келтірді. Әуе қатынасын жаңғырту мәселесінде де ілгерілеушілік бар. Екі елдің әуе компаниялпары таяу уақытта аптасына 2 рейстен орындайтын болады. Бұл да екі елдің халқына пайда әкеледі», - деді Қытай Сыртқы істер министрі.


Пікір жазу
  • Президенттің референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі
    ІТ-мектептерде білім алу үшін жыл сайын ваучерлер бөлінеді

    Ұқсас тақырыптар