Қасым-Жомарт Тоқаев: Шекаралас елдерден келетін су көлемінің төмендеуі байқалады

Уақыты: 2021-10-13 Көрлімі: 300 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсатта...

3bee4d785a2d1946eed94f29b1464555.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» атты халықаралық конференцияда көрші елдерден келетін трансшекаралық өзендердің проблемасын көтерді, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«БҰҰ мәліметтері бойынша, жаһандық жылыну мен антропогендік әсерге байланысты 2030 жылға қарай әлемдік су тапшылығы 40% жетуі мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуына қарағанда, Қазақстандағы су қауіпсіздігі көбінесе трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және экологиялық жағдайына байланысты.

«Бүгінде шектес елдерден келетін су көлемінің төмендеуі байқалады. Бұл өзендер мен көлдердің табиғи су теңгерімінің бұзылуына, сондай-ақ елдің бірқатар өңірлеріндегі экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келуде», - деген Мемлекет басшысы халықаралық ұйымдарды бұл істе қолдау көрсетуге шақырды.

«БҰҰ туының астында трансшекаралық су ағындарын қорғау және пайдалану мәселелерін реттейтін бірқатар халықаралық келісімдер қабылданды. Кеңейтілген диалог пен ынтымақтастық жолымен халықаралық міндеттемелерді іс жүзінде орындау жөніндегі күш-жігерді үйлестіру қажеттігі пісіп-жетілді деп ойлаймын. Бұл мәселеде біз серіктестер мен халықаралық қоғамдастықтың қолдауына сенім артамыз», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


Пікір жазу
  • Әуезов театрында 96-маусымының ашылу салтанаты өтті
    Бaлaлaрға кeрeктi дәрyмeндeрді қалай толықтауға болады?

    Ұқсас тақырыптар