Алаяқтар 2 мың қазақстандықтың атынан онлайн несие алған

Уақыты: 2021-08-16 Көрлімі: 286 Сипаттама

Жыл басынан бері интернет-алаяқтар 2 мың адамның дербес деректерін ұрлап, соның негізін...

Fl9v9Z6U.jpg

Жыл басынан бері интернет-алаяқтар 2 мың адамның дербес деректерін ұрлап, соның негізінде онлай несиелер ресімдеген, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде осындай мәлімет таратты.

«Алаяқтардың ғаламтор арқылы жасайтын айласы күн сайын түрленіп жатыр. Полиция сақ болу қажеттігін қанша ескертсе де, сан соғып қалып жатқандар жетерлік. 9-15 тамызы аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған «Алаяқтыққа қарсы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде бір апта ішінде 270 заңбұзушылық анықталды. Соның ішінде түрлері бойынша: интернет қолданушыларға қарсы алаяқтық – 230, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұрлық жасау – 6, ақпаратқа заңсыз қол жеткізу - 4, қылмыстың басқа 30 түрі тіркелді», - деді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ ол, осы шара кезінде бұрын жасалған 433 қылмыстың беті ашылғанын атады.

«Интернетке жүргізілген мониторингте заңсыз контенті бар 664 ресурс анықталды. Жалпы, жыл басынан бері ішкі істер органдары интернет-алаяқтықтың 13 мыңнан астам фактісін тіркеді. Олардың 5000-ы алаяқтардың онлайн сауда алаңдары мен веб-сайттарда орналастырған жарнамаларына негізделген фактілері бойынша қозғалды. 2000 алаяқтық азаматтардың жеке мәліметтерін алып қоюмен байланысты, олардың атынан онлайн несие кейін тіркеліп отырған.

Мобильді банкинг арқылы ақшасы ұрланған азаматтардың жеке деректері мен карточкалық шоттарының деректемелерін алу арқылы мыңнан астам алаяқтық жасалды», - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.


Автор Есімжан Нақтыбай


Пікір жазу
  • Vero Cell қытай вакцинасы кімдерге салынады?
    Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай бюстінің ашылу рәсіміне қатысты

    Ұқсас тақырыптар