Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр

Уақыты: 2021-02-03 Көрлімі: 969 Сипаттама

Туу көрсеткіші бойынша рейтингте Қазақстан 229 елдің арасында 105-орында тұр. Әрбір 10 мың...


Туу көрсеткіші бойынша рейтингте Қазақстан 229 елдің арасында 105-орында тұр. Әрбір 10 мың адамға 164 нәрестеден келеді, - деп  finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз.

Көш басында Нигер (10 мыңға 475 шақалақ), Ангола (427) және Уганда (423) тұр. Ал соңғы орынға Монако (64 сәби) жайғасқан.

ЕАЭО елдері арасында Қырғызстан алдыңғы қатарда: 10 мың адамға – 206 сәбиден келеді. Арменияда – 119, Ресейде – 100, Беларусьте – 95. 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 389,9 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5% көп.

Өңірлер бойынша жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі (14,3%) – 55,3 мың. Одан кейін Алматы облысы (49,1 нәресте) мен Алматы қаласы (32,3 мың) тұр.



Пікір жазу
  • А. Мамин: Шағын және орта бизнес экономиканы дамытуға қарқын беруі тиіс
    Ерлан Қиясов: «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады

    Ұқсас тақырыптар